Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ АБАЙ ОНКҮНДІГІ ӨТТІ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ АБАЙ ОНКҮНДІГІ ӨТТІ

14.08.2024
Өткен аптада Қазақстан халқы ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың туылғанына 179 жыл толуын атап өтті. Ұлттық ұлан әскерінде 5 мен 14 тамыз аралығында «Абай жолы – болашаққа бағдар» тақырыбында Абай онкүндігі ұйымдастырылды.
Абай күніне орай Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде Абай оқулары, әдеби кештер, викториналар мен мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді. Әскери қызметшілер ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы айтып берді.
Іс-шарадан ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің қызметшілері де шетте қалмады. Мұнда жазушының туған күніне орай, мерзімді қызмет сарбаздары арасында поэзиялық байқау өтті.
— «Байқау екі кезеңді қамтыды. Бірі – Абай өлеңдері, екіншісі – қара сөздерін оқу болды. Іс-шараның мақсаты — ұлы ақынымыздың көрнекті шығармашылығын насихаттау», — деді 6506 әскери бөлімінің мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі офицері сержант Бекжан Мәлік.
Сонымен қатар, байқауға қатысушылар мен қонақтар үшін әскери бөлімнің клубында Абай кітаптарының көрмесі ұйымдастырылды.
Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша:
I орынды — қатардағы жауынгер Бекжан Ермағамбетов, II – қатардағы жауынгер Жақсылық Азамат, III — қатардағы жауынгер Смағұлов Жасұлан иеленді. Ал, шараға белсене қатысушылар алғыс хат пен түрлі сыйлықтарға ие болды.
— «Менің ойымша, Абай атамыздың шығармалары елдің жас ұрпағы үшін өлмес байлық. Абай шығармашылығын насихаттаумен қатар, іс-шара оқырмандардың қазақ тіліне, оның мәдениеті мен жалпы отандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды», — деді тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы подполковник Руслан Бектұрсынов.
Айта кету керек, онкүндік аясында ұландықтар Абай мұражайында экскурсия, тақырыптық кештер мен ақпараттық сағаттар ұйымдастырылып, челлендждер өтті.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.