Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ЖЫЛ БАСЫНАН БАСТАП 14,7 МЫҢ АДАМ ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ
Жаңалықтар

ЖЫЛ БАСЫНАН БАСТАП 14,7 МЫҢ АДАМ ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

15.08.2024
2024 жылы осы бағытта барлығы 40 мың жас қазақстандықты жұмысқа орналастыру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан – 2,9 мың адам, Жамбыл – 1,6 мың адам, Қызылорда – 1,1 мың адам облыстарында және Шымкент қаласында – 1,2 мың адам.
Жастар практикасына қатысатын әйелдердің үлесі 63,3% немесе 9,3 мың адамды, ауыл тұрғындарының үлесі – 8,6 мың адамды немесе 58,1%-ды құрайды.
Алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектері жастар практикасына қатыса алады. Жастар практикасына қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.
Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыларға кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәлімгерді бекітеді.
Республика бойынша орташа жалақы мөлшері 109,5 мың теңгені, Ақтөбе облысында ең жоғары көрсеткіш – 120,9 мың теңгені құрады.
Жастар практикасын қаржыландыруды Еңбек мобилділігі орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайынғы жалақы төлеу арқылы жүзеге асырады. Төлем екінші деңгейдегі банктерде ашылған қатысушылардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жұмыс беруші ұсынған мәліметтер негізінде жүргізіледі.
Жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастырылғандар арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар: мейіргер – 1 084 адам, заңгер – 767 адам, тәрбиеші – 558 адам, бастауыш сынып мұғалімі – 541, бағдарламашы – 524 адам.
Жастар практикасына қатысқан қазақстандықтар мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы туралы оң пікірде. Солардың бірі Дана Ахметова, ол колледжді бітіргеннен жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасты.
«Биыл Қостанай жоғары медициналық колледжін «Фельдшер» мамандығы бойынша бітірдім. Өз бетінше жұмыс табуға тырысқаныммен, көптеген жұмыс берушілер жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарды алғысы келмейтінін түсіндім. Өзіме ұнайтын жұмыс орнын табу үшін Мансап орталығының көмегіне жүгіндім. Барлық қажетті ақпаратты алып, жастар практикасына қатысуға шешім қабылдадым. Қазіргі уақытта Қостанай қаласының теміржол ауруханасында өз мамандығым бойынша жұмыс істеймін», – деді Дана Ахметова.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА В МЕЖЭТНИЧЕСКОМ ОБЩЕНИИ

04.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.09.2026

ҰЛАНДЫҚ САРБАЗ «CYBER ARMY CUP 2026» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.

04.09.2026

Салық саласындағы ашықтық – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі

04.09.2026

Жаңа Салық кодексі: өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.