Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

    17.08.2024
    Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Келес ауданының мәдени күндері басталды. Екі күнге жоспарланған бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы. Мерекелік шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қоғам қайраткері Әлихан Байменов, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Нұрлан Қоянбаев бастаған өнер адамдары қатысып, тамашалады.
    Іс-шара Этноауыл кешенінен бастау алды. Алдымен мұнда келушілерге ұлттық сусындар ұсынылды. Қонақтар Келес ауданының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, ұлттық салт-дәстүрлер көрінісін саханалады. Қылқалам шеберлері мен кітап көрмесі жасақталды. Ауданда өндірілетін тауарлар көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар Келес ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы сахналанды. Айтыс, жыр-терме, дәстүрлі әндер шырқалды.
    Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Сариевтің айтуында рухани-мәдени керуен қала қонақтары мен тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен.
    Айта кетейік, ертең сағат 09:00-13:00 аралығында Этноауылда ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылады және сағат 19:00-де «Керуен Сарай» кешенінде Төреғали Төреәлі, Әділет Жауғашар және Сержанәлі сынды өнер жұлдыздарының және Келес ауданының өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.