Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ВАУЧЕРЛІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
    Жаңалықтар

    ВАУЧЕРЛІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

    19.08.2024
    Шымкент қаласмында жекеменшік балабақшалар саны күн санап артуда. Өткен жылы қалада 30 балабақша ашылса, биыл тағы 32 балабақша іске қосылатын болады. Бұл жөнінде Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева қаланың жаңа оқу жылына дайындығы жөніндегі брифингте мәлімдеді.
    Қазірдің өзінде жеке меншік балабақшалар мектепке дейінгі ұйымдардың 88,3 пайызын құрап отыр, яғни, 611 балабақшаның 71-і мемлекеттік, 540-ы жекеменшік. Бұл саладағы жемқорлықты жойып, кезек мәселесін шешу үшін биыл Шымкент қаласы ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобаға қатысатын болады. Сондай-ақ, Нұргүл Ақылбекқызының айтуынша осы жылдан бастап сабақтастықты қаматамасыз ету үшін балабақша жұмысын мектеппен синхрондау күшейтілетін көрінеді.
    – Әр баланың білім беру траекториясын ойдағыдай дамыту үшін балалардың оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеруіне мониторинг жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша бала дамуының жеке картасы толтырылады. Жеке карта цифрландырылып, Ұлттық білім беру деректері базасына енгізілді. Жеке картаның нәтижелері бойынша бастауыш сынып мұғалімі оның білім беру траекториясын дамытуды жалғастырады. Сонымен бірге жеке карта деректері бойынша балабақшалардың сапалық көрсеткіш рейтингі жасалатын болады, – дейді Нұргүл Шәмшиева.
    Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдар жанынан ата-аналарға арналған 97 консультациялық пункттердің жұмысы ұйымдастырылып,онда 1 мыңнан астам ата-ана мен бала кеңес алған. Биыл тағы осындай 15 орталық ашу жоспарланып отыр. Қабылданған шаралар нәтижесінде қаламызда кезекте тұрған 2-6 жас аралығындағы 83 590 баланың 89,3%-ы балабақшамен қамтылған.
    Бұдан бөлек брифингте бас ұстаз қаладағы 275 мектептің жаңа оқу жылына дайындығын атап өтті.
    – Кез келген салада сапаны қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым, мамандар мен білім мазмұны маңызды. Қаламызда үшауысым мәселесі шешілді деп айттық. Дегенмен Шымкентте демографиялық өсім жоғары. Оған қоса қаламыз республикалық қала мәртебесін алғалы бері кәсіпорындар, мекемелер жұмыс беретіндіктен ішкі миграция процестері де өте белсенді жүріп жатыр. Сондықтан жыл сайын оқушы жасындағы балалар саны 8-9%-ға өсіп отырады, – деді білім басқармасы басшысы.
    Оның сөзінше, қалада қазіргі күні 21 мектепте әлі күнге дейін оқушы толымдылығы жоғары. Биыл жыл аяғына дейін «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 11 мектеп беріледі. Оның 9-на кадр резервіндегі кандидаттар директор лауазымына тағайындалды.
    Сонымен қатар осы жылы қаламызда алғаш рет 2 колледжде 10-11 сынып оқушылары жұмысшы мамандықтары бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілді. Пилоттық жоба бойынша 1,5 жылдан кейін оқушылар орта білім туралы аттестатпен қоса, тігінші, аспаз, авто-газ дәнекерлеуші мамандықтары бойынша диплом алып шығады.
    Тағы бір жаңашылдық – колледждегі 341 білім беру бағдарламалары Тізілімге енгізілді. Жаңа оқу жылынан бастап білім беру ұйымдары бағдарламалары Тізілімге енген мамандықтарды дайындау мүмкіндігін алады.
    «Шымкент келбеті»
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.