Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Заңсыз айналымнан 400 мыңға жуық контрафактілік өнім алынды
    Жаңалықтар

    Заңсыз айналымнан 400 мыңға жуық контрафактілік өнім алынды

    12.03.2025
    Зияткерлік меншік құқығын қорғау мақсатында аумақтық әділет органдары өткен жылдың қорытындысы бойынша 338 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 297 құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
    Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 158-бабы бойынша (Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану) 283 іс қозғалды, 267 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 22 138 422 теңгені құрады.
    «2024 жылы заңсыз айналымнан жалпы сомасы 150 млн теңгеге 400 мыңға жуық контрафактілік өнім алынды. Ағымдағы жылы бұл жұмыс жалғастырылатын болады. Шымкент пен Алматыда «Nestle» тауар белгісіне құқықты бұзатын контрафактілік өнімнің ірі партиясы тәркіленді. 2025 жылғы 12 ақпанда Шымкент қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік бөлімінің қызметкерлері Алматы қаласы Әділет департаментінің әріптестерімен бірлесіп, «Nestle» тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында 200 қорап контрафактілік өнім анықталды, оның ішінде 98 қорап «сүт вафли қояны» және 102 қорап «Ness wafers» (Несс ваферс), олардың сыртқы түрінен бастап араластыру дәрежесіне дейін «Nestle» сауда белгісіне ұқсас», — деді Талғат Уәли.
    Тексеру қорытындысы бойынша барлық заңсыз өнім тәркіленіп, Әділет департаментінің қоймасына сақтауға орналастырылды. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама жасалды, ол қарау үшін сотқа берілді.
    Әділет министрлігінің ресми өкілі зияткерлік меншікті қорғау әділет органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін айтты. Сондықтан, спикерт үсіндіргендей, тауар белгілерін заңсыз пайдаланудың жолын кесу бренд иелерінің құқықтарын қорғауға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар тұтынушыларға сапалы және қауіпсіз өнімге қол жеткізуге кепілдік береді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.