Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Былтыр еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға шамамен 2,8 млн адам барған
Жаңалықтар

Былтыр еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға шамамен 2,8 млн адам барған

14.03.2025
Биологиялық әртүрлілікті сақтап қалу жөніндегі конвенция аясында Қазақстан Республикасының міндеттемелерін іске асыру мақсатында «Еліміздің био әртүрлілікті сақтау концепциясын» әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Тұжырымдаманың жобасы елдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алаңын 12,5%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде бұл көрсеткіш 11,3%-ды құрайды. 6 ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру жоспарланып отыр. Атап айтқанда Арал, Жайық орманы, Ертіс жайылмасы табиғи резерваттары, Түкті ұлттық паркі, Мерке өңірлік паркі және Қызылқұм қорығы. Сонымен қатар Үстірт, Қаратау қорықтарының, Ақжайық және Иле Балхаш резерват аумақтарын кеңейту көзделген. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Ұлттық парктердегі экологиялық туризм – бұл қоршаған ортаға минималды әсер ете отырып, табиғи аумақтарды танып-білуге бағытталған жауапты саяхат. Соңғы жылдардағы статистикалық деректер туристер санының біртіндеп өсіп келе жатқанын
көрсетеді.
«Мәселен, 2024 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға шамамен 2,8 млн адам барған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 400 мыңға көп. Қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық парктерде үйлестіру кеңестері құрылды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану бойынша барлық шешімдер аталған үйлестіру кеңестерінің ұсынымдарын ескере отырып қабылданады. Табиғи қорықтар мен ұлттық парктерге кіру үшін төлем жинаудың ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық қаупін азайту мақсатында ұлттық парктердің бақылау-өткізу бекеттерін автоматтандыру бойынша жұмыстар қолға алынды. Бүгінгі таңда 9 бақылау-өткізу бекеті автоматтандырылды, сондай-ақ жүйені толық автоматтандыру үшін Ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде», – деді спикер.
Сонымен қатар барлық мемлекеттік ұлттық табиғи парк банк төлем қызметтеріне қосылған, бұл келушілерге онлайн кіру билеттерін сатып алуға мүмкіндік береді. Министрлік табиғатты қорғауды ескере отырып, азаматтарды экологиялық ағарту арқылы инвестиция тарту, және ұлттық парктер аумағында туристер үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмысын жалғастырады.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.