Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Спорт»ЕСКЕК ЕСУДЕН ТҮРКІСТАНДА 2026 ЖЫЛЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
    Спорт

    ЕСКЕК ЕСУДЕН ТҮРКІСТАНДА 2026 ЖЫЛЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

    16.03.2025
    Әлемнің Олимпиадалық астанасы – Лозанна қаласында (Швейцария) 13-16 наурыз аралығында Халықаралық ескек есу федерациясының (FISA) Дүниежүзілік конгресі өтті. Съезд жұмысына FISA федерациясының президенті Жан-Кристоф Ролланның шақыруымен Түркістан облысы және Шымкент қаласы ескек есу және желкен спорты қауымдастығының төрағасы, Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиадалық спорт мектебінің директоры Денис Жәрменов қатысты.
    Д.Жәрменов 62 елдің халықаралық федерация басшыларына Түркістан қаласында олимпиадалық стандарттағы жаңа ескек есу арнасын таныстырды. Халықаралық федерация президенті Жан-Кристоф Ролланмен, сондай-ақ Азия федерациясының президенті Чен Чанчинмен келіссөздер нәтижесінде 2026 жылы Түркістан қаласында ескек есуден Азия чемпионатын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
    Қазақстанда ескек есу спортының даму тарихында алғаш рет осындай халықаралық деңгейдегі жарыстар өтеді. Байрақты додада 17 елден 300-ден астам спортшы 4 күн бойы әртүрлі бағдарламалар бойынша чемпион атағын сарапқа салады. Азия чемпионатының сәтті өтуі Түркістанда жоғары деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіндіктер ашады.
    Ескек есу элиталық спорт түрі болып табылады. Құрлықтық және халықаралық жарыстарды өткізу Қазақстанның әлемдік спорт аренасында имиджін нығайтады және есу спорты мен туризмді дамытуға серпін береді.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

    06.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.