Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Астанада 3 мыңнан астам оқушы қыз бір мезетте «Қамажай» халық биін биледі
    Жаңалықтар

    Астанада 3 мыңнан астам оқушы қыз бір мезетте «Қамажай» халық биін биледі

    18.03.2025
    Бүгін, 18 наурызда QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде астаналық 3 мыңнан астам оқушы қыз бір мезетте «Қамажай» халық биін билеп, жаппай орындау бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
    Флешмоб «Науразнама» онкүндігі аясында өтіп, Ұлттық киім күніне орайластырылды. Ұйымдастырушылар – елордалық Білім басқармасы мен Техникалық және көркем шығармашылық орталығы.
    «Қамажай» – қазақтың ұлттық билерінің бірі. Ол нәзіктікті, әдемілікті бейнелейді. Ал мұндай ауқымда өнер көрсету ерекше әсер қалдырумен қатар, мәдениетімізді кеңінен насихаттау үшін де маңызды. Қыздар дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетті, біз олардың өнерін мақтан тұтамыз», — дейді «ШАШУ» фольклорлық ансамблінің шығармашылық жетекшісі Рахат Тәуіржан.
    Флешмоб ерекше сәтпен аяқталды: көрермендер би билеген оқушы қыздарға қосылып, олардың қимылын қайталады. Сол сияқты биші қыздар қызғалдақ гүліне ұқсап, әдемі көрініс жасады.
    Сонымен қатар, іс-шарада ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өтті, онда Астана колледждерінің студенттері қазақтың дәстүрлі киімдерін көрсетті.
    Айта кетейік, 14 наурызда Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлауға арналған Наурызнам онкүндігі басталды. Осы 10 күн ішінде Астанада мерекеге орай 200-ден астам ауқымды шаралар – концерттер, көрмелер, қойылымдар, шығармашылық кештер және т.б. өтеді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.