Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»НАУРЫЗ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МЕРЕКЕСІ
Жаңалықтар

НАУРЫЗ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МЕРЕКЕСІ

22.03.2025
Наурыз – тек көктемнің, жаңа жылдың бастауы ғана емес, халқымыздың сан ғасырлық мәдениеті мен руханиятын дәріптейтін ұлы мейрам. Бұл күндері тек дастархан жайылып, наурызкөже әзірленіп қана қоймайды, ұлттық құндылықтар жаңғырып, рухани мұралар қайта тіріледі. Биыл Шымкентте Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатымен өтіп жатыр. Астана алаңында ұйымдастырылған кітап жәрмеңкесі мен қаламгерлермен кездесу – соның жарқын бір дәлелі.
Шымкент қалалық кітапханалар жергілікті ақын-жазушылармен жүздесулер ұйымдастырып, оқырмандарға сырласуға мүмкіндік беруде. Бұл – рухани байлыққа сусындаған, кітапты жанына серік еткен жандар үшін үлкен мереке. Қаламгерлермен бетпе-бет кездесіп, олардың шығармашылық жолы, шабыттың қайнары жайлы тыңдау – оқырман үшін керемет сәт.
Ал кітап жәрмеңкесі – нағыз әдебиет сүйер қауымның іздепжүріп кездесер жері. Мұнда түрлі баспалар мен кітап дүкендері өз өнімдерін ұсынуда. Жәрмеңкеден қазақ тіліндегі көркем әдебиет, тарихи шығармалар, ғылыми еңбектер, балалар кітаптары, тіпті сирек кездесетін туындыларды табуға болады. Бұл әдебиетімізді насихаттап, кітап оқуға деген қызығушылықты арттырудың тамаша мүмкіндігі.
Кітап – білімнің кілті, рухани кемелденудің қайнары. Ал Наурыз – жаңару мен дамудың, бірігу мен берекенің мерекесі. Осы қос ұғымның үйлесім тапқан сәті бүгінгі сән-салтанаты жарасқан мереке. Шымкенттіктер мен қала қонақтарын осы рухани мерекенің куәсі болуға шақырамыз! Жәрмеңке күні бойы жалғасады, өзіңізге ұнаған кітапты тауып, рухани азық алуға асығыңыз!
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.