Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТ: 2025-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ НАҚТЫЛАНДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 2025-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ НАҚТЫЛАНДЫ

28.03.2025
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезекті сессиясында мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланды.
Қаржыны салаларға бағыттау барысында өзекті мәселелерді шешуге және маңызды жобаларға басымдық берілді. Жалпы нақтылау нәтижесінде, қала бюджетінің көлемі 806 млрд теңгеден 850 млрд. теңгеге дейін артты.
Сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есеп тыңдалып, инфрақұрылымды дамытудың кешенді шаралары мен денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар талқыланды.
Сессияда «Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімге өзгерістер енгізу мәселесі де қаралды. Бұл баспана мәселесін шешуге ықпал етеді.
Бүгін өздеріңізбен бірге маңызды мәселелерді қарап шықтық. Қала бюджетінің көлемі 43,6 млрд теңгеге артты. Қаржы мақсатты, өз орнымен, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын болады – деді қала әкімі Ғ.Сыздықбеков.
Сессияны қорытындылаған қала басшысы маңызды шешімдерді жүзеге асыруға қолдау көрсеткен депутаттық корпусқа алғысын білдірді.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.