Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ЮМОР МЕН САТИРА: ШЫНДЫҚТЫ АЙТУДАҒЫ ӨНЕР
Жаңалықтар

ЮМОР МЕН САТИРА: ШЫНДЫҚТЫ АЙТУДАҒЫ ӨНЕР

31.03.2025
Бүгін Шымкент қаласында белгілі сатирик, халықтың сүйікті қаламгері Көпен Әмірбектің туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Шымкент думан” республикалық әзіл-сықақ фестивалі өз шымылдығын түрді. Бұл фестиваль – күлкі мен сатираны ұштастырып, сатира өнерін жаңа деңгейге көтеруде. Олай дейтініміз, әзіл – қоғамның айнасы, ол арқылы елдің көңіл-күйі, қоғамдағы өзекті мәселелер мен шындықтың боямасыз көрінісі бейнеленіп жатады. Осы орайда, Көпен Әмірбек сатира жанрында өз қолтаңбасын қалдырған дара тұлға. Оның шығармалары халықтың санасына ой салып, өткір тілімен елді күлдіре отырып, ойландыратын терең мағыналы дүниелерден тұрды. Халық арасындағы өзекті мәселелер де Көпен шығармасынан тыс қалмаған. Бүгінгі фестиваль де дәл осы сатира мен юмордың рөлін насихаттауға бағытталғаны қуантты.
Фестивальге еліміздің бірнеше өңірінен сатира театрлары мен әзілкештер жиналды. Қатысушылар екі кезең бойынша өнер көрсетті. Еркін тақырыптағы монологтары мен интермедиялары көрерменді бір баураса, екінші турда Көпен Әмірбектің шығармаларын орындап, сатириктің мол мұрасын дәріптеді.
Фестивальдің әділқазылар алқасының құрамында қазақ сатирасының майталмандары Бауыржан Ибрагимов, Мұхтар Шерім, Жүсіп Ақшора, Жұлдызай Дүйсенбиева және Көпен Әмірбектің інісі Базарбек Әмірбекұлы бар. Бұл фестиваль сатира жанрының қоғамдағы маңызын көрсетіп қана қоймай, жас сатириктерге үлкен мүмкіндік сыйлады. Жастар үшін Көпен Әмірбек сынды дара тұлғаның мұрасымен танысып, оның шығармашылығынан шабыт алу да үлкен сабақ.
– Алғаш өткізіп отырған әзіл фестивалінің Шымкентте өтуі заңдылық. Олай дейтініміз, Шымкент өңірі әзілдің ордасы сияқты. Жалғыз сатира театры да Шымкентте. Ағам күлкіні өнер деп бағалап, оны ұлттың рухани азығы деп санады. Оның әрбір шығармасы қоғамдағы түйткілдерді әзілмен астарлап жеткізіп, халықты ойландыруға бағытталған. Көпен бір әулеттің ғана емес, мұқым қазақтың Көпені болған азамат. «Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім» деген қазақ үшін бүгінгі жиынның маңызы зор, – деді Көпен ағаның інісі, белгілі журналист Ерсұлтан Әмірбек.
Көпен Әмірбектің есімі қазақ сатирасының тарихында алатын орны ерекше. Оның шығармалары қанша жыл өтсе де, өзектілігін жоғалтпай, халыққа ой салатын дүниелер болып қала бермек. «Шымкент думан» фестивалі – әзіл мен сатира өнерінің дамуына тың серпін беретін, дәстүрлі түрде жалғасын табатын мереке боларына сеніміміз мол.
Фестиваль ертең «Tulip Hall» концерттік залында гала-концертпен жалғасады. Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған шараға есік ашық, келіңіздер, шынайы күлкі мен таза әзілге шомылып қайтыңыздар!
«Шымкент келбеті»
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.