Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАРДЫҢ 94,8 ПАЙЫЗЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА ЛАГЕРЬГЕ БАРЫП, ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ҚАТЫСАДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАРДЫҢ 94,8 ПАЙЫЗЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА ЛАГЕРЬГЕ БАРЫП, ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ҚАТЫСАДЫ

10.05.2025

Биыл Шымкент қаласында 24 264 оқушы 9 сыныпты, ал, 15 891 түлек 11 сыныпты тәмамдайды.
Биылғы оқу жылының аяқталу мерзімі 23 мамыр болып белгіленді.

Қалада оқушылардың жазғы демалысын тиімді әрі мән-мағыналы етіп өткізуге айрықша назар аударылып отыр.
Атап айтқанда, 240 516 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 94,8 пайызын қамтиды.
Жергілікті бюджет есебінен 9 693 баланы сауықтыру, жетілдіру, дамыту және бос уақытты тиімді өткізу мақсатында қала сыртындағы лагерьлерде демалдыру үшін 759,4 млн теңге қаралған. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілген.
Аталмыш қаржыға жалпы орта мектептерінен аз қамтылған отбасылардан шыққан
9 398 бала, балалар үйінің 135 баласы және дарынды 160 бала бар.

Оған қоса Шымкент қаласының ЖОО-ында кәсіби бағдар беру мақсатында «EduCampShym» оқу лагері, ал, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында «Prof Start» оқу лагері ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, қосымша білім беру ұйымдары базасында «ArtEdu» шығармашылық пен өнер, спорт лагерлері ашылады.

Одан бөлек, жылдағыдай дарынды балаларға арналған республикалық, қалалық және мектеп жанындағы лагерьлер жұмысын жалғастырады.
Сонымен қатар, жаз мезгілінде қаладағы 8 мемлекеттік мектептен тыс мекемелерде 32 901 оқушы спорттық және шығармашылық үйірмелерге қатысса, жекеменшік 35 қосымша білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс аясында
5 874 бала қызығушылықтарына қарай үйірмелерге жазылады.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша жалпы 290 мектепте
271 316 оқушы білім алуда. 2025 жылы 10 білім беру ұйымының (9 мектеп, 1 балабақша) ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу және жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, мемлекеттік білім беру ұйымдарының ғимаратын ағымдағы жөндеу жүмыстары жүргізілетін болады.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.