Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТКЕ КЕЛГЕН ТУРИСТЕРДІҢ ҚАТАРЫ 13,1 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТКЕ КЕЛГЕН ТУРИСТЕРДІҢ ҚАТАРЫ 13,1 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

18.05.2025

Шымкент қаласында туризм саласының әлеуеті жоғары. Өткен жылы қалаға 507 866 турист келген. Бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,1 пайызға жоғары. Шымкентке саяхаттап келгендердің ішінде 475 235 адам Қазақстан азаматтары. Ал, 32 631 турист қалаға шет елдерден келген.
Статистикалық ақпаратқа сәйкес, қаладағы орналастыру орындарында 615 503 адам келген. Бұл көрсеткіш те алдыңғы жылғыдан 15,4%-жоғарылаған.
2024 жылы орналастыру орындарыдағы қызмет көрсету 2023 жылмен салыстырғанда 37,6%-ға өскен. Айта кетейік, туристер саны бойынша Шымкент қаласы елімізде 4 орында тұр.

Қазір Шымкент қаласында 17 туристік маршрут қызмет көрсетуде. Олардың ішінде Түркістан – Ташкент – Ақсу-Жабағалы – Шымкент 4 күндік туристік маршрутын туристер жиі таңдайды.
Сонымен қатар, әр бейсенбі күні шетелдік туристерге арналған тегін автобустық экскурсия өткізілуде. Бұл шара туристерге қаланың көрікті жерлерімен танысуға, мәдениеті мен тарихын зерттеуге мүмкіндік береді.

Шымкент қаласынан тікелей ұшатын 7 ішкі және 10 халықаралық (Ыстамбұл, Мәскеу, Анталья, Дубай, Доха, Жидда, Шарм-Эль-Шейх, Пхукет, Медина, Фукуок) әуе рейстері бар.
«Scat» әуекомпаниясы тарапынан Пекин, Сиань, Санья, Будапешт, Прага және Мюнхен қалаларына тікелей рейстер ашу жоспарлануда.

Туризм саласын одан әрі дамыту үшін бірқатар жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, былтыр «Қарашаш ана» және «Ибрагим ата» кесенелерінде жаңа санитариялық-гигиеналық торап, жаңа орындықтар, жарық шамдары және ақпараттық стендтер орналастырылды.
Оқиғалы туризмді дамыту үшін «Дәмдәсtour» гастрономиялық фестивалі ұйымдастырылды. Оған қоса биыл «Қызғалдақ жолы» фестивалі, «Әуе шарлары» фестивалі,
«Street food fest» фестивалі, «Батпырауықтар» фестивалі, «Жарық шамдар» фестивалі және «COMIC CON SHYMKENT» фестивалдерін өткізу жоспарлануда.

Мұнан бөлек биыл Этноауыл аумағын абаттандыру және қайта құру, 24/7 режимінде жұмыс істейтін
Гастрономиялық аллея ашу және
Бадам су қоймасы аумағында туристерге қолайлы жағдай жасау жоспарланып отыр.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.