Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМДАРДЫҢ 90%-ДАН АСТАМЫ ЛИЦЕНЗИЯ АЛДЫ
Қоғам

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМДАРДЫҢ 90%-ДАН АСТАМЫ ЛИЦЕНЗИЯ АЛДЫ

19.05.2025

Қазақстанда азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсететін субъектілерді лицензиялау процесі аяқталуға жақын. 2025 жылғы 19 мамырдағы жағдай бойынша АӘҚ көрсетушілердің 92%-ы лицензия алды, көрсетілетін қызметті алушылардың 97%-на осы ұйымдарда қызмет көрсетіледі.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында АӘҚ көрсететін ұйымдарды лицензиялау 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдар лицензиялауға жатады. Бұл жаңашылдық АӘҚ көрсету жүйесін жаңғырту кезеңдерінің бірі болып табылады және бірінші кезекте мыналарға бағытталған:
— ұсынылатын АӘҚ сапасын арттыру;
— қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздік кепілдігі;
— АӘҚ ұсынатын ұйымдар үшін бірыңғай стандарттарды белгілеу.
Лицензиялау енгізілгенге дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылы олардың қызметінің ашықтығын және бюджет қаражатын жұмсауды қамтамасыз ету үшін АӘҚ көрсету орталықтарындағы барлық бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізді.
Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша АӘҚ көрсететін орталықтардың саны – 1023, факті бойынша (деректерді цифрландырғаннан кейін) – 587, көрсетілетін қызметті алушылардың саны – 135 947, ал факті бойынша (деректерді цифрландырғаннан кейін) – 93,6 мың адамды құрады. Осылайша, АӘҚ қаржыландыру сомасы 31,6 млрд теңгеге азайды.
Сонымен бірге АӘҚ көрсету жүйесін жаңғырту аясында 12 235 мың әлеуметтік қызметкердің 8 811-нің расталған санаты болмағаны анықталды. Біліктілік деңгейін арттыру үшін 10 мыңнан астам әлеуметтік қызметкерді оқыту және сертификаттау жүргізілді. Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және қайта оқыту бойынша 14 ЖОО-мен меморандумдар жасалды.
Лицензия алудың негізгі шарттарының бірі: санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келетін АӘҚ көрсетуге жарамды ғимараттың болуы; қажетті материалдық-техникалық базаның және қызметкерлер құрамының болуы; халықтың аз қозғалатын топтары үшін ғимараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және басқалар.
2024 жылдың қазан айынан бастап ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері лицензия алды талдау жүргізді, жергілікті атқарушы органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп, АӘҚ көрсететін барлық ұйымдарды лицензиялауға дайындау мәселелері пысықталды.
Бүгінде филиалдар мен бөлімшелерді қосқанда, 530 лицензия берілді, бұлар бүкіл ел бойынша 92,8 мың адамға қызмет көрсетілетін 548 ұйым немесе көрсетілетін қызметті алушылардың 97% — ы.
Лицензия беруден бас тартудың негізгі себептері: материалдық-техникалық базаның, штаттық нормативтердің, медициналық лицензияның кіші түрлерінің сәйкес келмеуі және өрт қауіпсіздігі бойынша тексеру актісінің не аудит қорытындысының болмауы болып табылады.
Осылайша, бастапқыда лицензиялауға жататын 587 субъектінің 384-де қажетті материалдық-техникалық база болмаған, ал кейбір жағдайларда тіпті жабдықтар мен жиһаздардан тек кілемдер мен дивандар болған.
Жергілікті атқарушы органдар АӘҚ ұсынатын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Мәселен, Республика бойынша АӘҚ көрсететін 55 ұйымға материалдық-техникалық жарақтандыру, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік, алаңды кеңейту (жаңа ғимараттар салу) бөлігінде сәйкестікті қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттер мен демеушілер қаражаты есебінен 8 млрд 708 млн теңгеден астам қаражат бөлінді, қосымша 928,6 млн теңге бөлу жоспарлануда.
Лицензия беруден бас тартқан ұйымдар белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін лицензиялауға қайта өтініш бере алады.
Бұған қосымша көрсетілетін қызметті алушылардың 3%-ның қамтылмауы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, бос алаңдары бар медициналық ұйымдармен АӘҚ көрсетуге лицензия алу бойынша жұмыс жүргізуде.
Лицензиялау және АӘҚ көрсету жүйесін жаңғырту шеңберінде қабылданатын басқа да шаралар арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын және мүгедектігі бар адамдар мен көрсетілетін қызметті алушылардың өзге де санаттарын әлеуметтік оңалтудың тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға ықпал ететін болады.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.