Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ СЕРПІНДІ ЖАҢҒЫРУ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ӨМІР САПАСЫНА БАСЫМДЫҚ
Жаңалықтар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ СЕРПІНДІ ЖАҢҒЫРУ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ӨМІР САПАСЫНА БАСЫМДЫҚ

22.05.2025

Қаратау ауданы бүгінде Шымкент қаласындағы қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірі ретінде айқын көрініп отыр. 223 мыңнан астам халқы бар аумақтың инфрақұрылымын жақсарту – жергілікті биліктің басты назарында. Биыл бұл бағытта ауқымды жобалар іске асырылуда. Ең алдымен, ауыз су, жарық және табиғи газ жүйелерімен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Мәселен, ауыз сумен қамту деңгейі бүгінде 99%-ға жетсе, электр қуаты бойынша көрсеткіш – 100%, ал табиғи газбен қамту – 98% шамасында.
«Тұран», «Сайрам», «Алтын Орда», «Қайтпас» және басқа да шағынаудандарда жаңа құрылыс аймақтарына инфрақұрылым тарту ісі қарқынды жүруде. Ескі желілерді жаңарту, жаңадан тартылған жүйелерді абоненттеу жұмыстары қолға алынған. Ал «Тассай», «Таскен», «Мирас» және «Өтеміс» сияқты елді мекендерде табиғи газ жүйесіне қосу мақсатында жүйелі құрылыс жалғасып жатыр. Жоба толық аяқталғанда ауданның барлық тұрғындары базалық қызметтерге толық қол жеткізетін болады.
Инфрақұрылыммен қатар, көшелерді жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалмаған. Қазіргі таңда 896 көшенің 545-і жарықтандырылған. Биылғы жоспар бойынша тағы 351 көше жарыққа қосылуы тиіс. Жыл басынан бері оның 239-ы толық жарықтандырылды, ал қалған көшелерде тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ауданның жол инфрақұрылымына келсек, ұзындығы 670 шақырымнан асатын 896 көшенің 138-іне биыл асфальт төсеу жоспарланған. Қазірдің өзінде 39 көшеде жөндеу аяқталып, 99 көшеде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге, аса маңызды саналатын Ю. Сареми көшесі мен Алматы айналма жолында күрделі жөндеу басталған. Аудан аумағында су тасқынының алдын алу үшін 16 нүктеге ирригациялық жүйе салу жоспарланса, оның 5-еуінде жұмыс аяқталған, қалғанында құрылыс қызу жүріп жатыр.
Қаратау ауданындағы бұл жұмыстар – тек инфрақұрылымды жаңарту емес, сонымен қатар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегияның бір бөлігі. Бұл үрдіс ауданның тартымдылығын арттырып қана қоймай, әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық серпінді қамтамасыз ететіні сөзсіз.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.