Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫН ҰСТАЗ – ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН ШӘКІРТКЕ АРНАҒАН ЖАН
Жаңалықтар

ШЫН ҰСТАЗ – ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН ШӘКІРТКЕ АРНАҒАН ЖАН

23.05.2025

Ұстаз болу – жай ғана кәсіп емес, бұл — жүрек қалауы, жанның бұлжымас таңдауы. Әсіресе, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болу – баланың тәнімен қоса рухын да шыңдау, ерік-жігерін тәрбиелеу. Осындай қасиетті жолда табандылықпен еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз – Оразбаев Нұрлан Байзақұлы.
Ол 1962 жылы көктемнің алғашқы күндерінде, табиғат түлеп жатқан мезгілде, Ленгір қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Шымкенттегі дене шынықтыру және спорт мамандығын тәмамдап, сол жылдан бастап Бауыржан Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектепте ұстаздық жолын бастаған. Міне, арада өткен 39 жыл ішінде ол сан мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, олардың өміріне бағыт-бағдар беріп келеді.

Нұрлан Байзақұлы жай ғана дене шынықтыру сабағын жүргізіп қана қоймай, бос уақытында үстел теннисі секциясын ұйымдастырып, оқушыларды кәсіби деңгейге дейін дайындайды. Қарапайым ауыл мектебінен шыққан оқушылар республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып, еліміздің намысын қорғауда. Бұл – сөзсіз, Нұрлан Байзақұлының қажырлы еңбегі мен шәкірттеріне деген шексіз жанашырлығының жемісі.
Ол тәрбиелеген спортшылар – Қасым Нұрислам, Шымкентбай Руана, Қосар Томирис сынды жастар бүгінде еліміздің спорттық жетістіктерінің бір бөлшегіне айналды. Оразбаевтың шәкірттері 30-дан астам алтын, 38 күміс және 40-қа жуық қола медаль иеленіп, мектептің ғана емес, бүкіл өңірдің абыройын асқақтатты.

Әрбір медаль – бір тер тамшысының, бір үміт отының көрінісі. Оның еңбегі де елеусіз қалмады. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі «Құрмет Грамотасы» мен Оқу Ағарту Министрлігі Ұлттық -Ғылыми Практикалық Дене тәрбиесі Орталығының «Құрмет Грамотасы» және Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталды.

Оразбаев Нұрлан Байзақұлы – тек білікті маман ғана емес, сонымен қатар үлгілі отбасы иесі. Үш баланың әкесі ретінде, үйінде де, ұжымда да өнегелі тұлға бола білді.
Оның өмір жолы – ұстаздың шынайы бейнесін ашып көрсететін, шыдам мен ізденістің, адалдық пен жауапкершіліктің көркем үлгісі. Ол – шын мәнінде, өмірін балаларға, спортқа және отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге арнаған жан.

#ЖҰМЫСШЫ_МАМАНДЫҚТАР_ЖЫЛЫ #ЕҢБЕК_АДАМЫ_2025

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.