Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

30.05.2025

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында өткізілуде. Аталған декада шеңберінде Шымкент қаласында «Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда» атты республикалық акция өтті. 29 мамыр күні «Наурыз» алаңында өткен орталық мерекелік шараға ата-аналар, балалар, құтқару қызметінің мамандары, өнер иелері мен қала тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында заманауи өрт сөндіру және құтқару техникалары таныстырылып, төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің жұмысы көрсетілді. Сонымен қатар, профилактикалық әңгімелер, викториналар, байқаулар мен спорттық эстафеталар ұйымдастырылды. Көңілді мерекелік атмосфераны Шымкент циркі мен шығармашылық ұжымдардың өнері толықтыра түсті. Тек орталық іс-шарамен шектелмей, акция аясында қала бойынша 27 орын — мектептер, балабақшалар, саябақтар мен халық көп шоғырланатын басқа да нысандарда қосымша іс-шаралар өтті. Жалпы есеппен алғанда бұл шараларға 4 000-ға жуық бала қатысты. Шараларға Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен арнайы техникасы жұмылдырылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылды. Сауда және ойын-сауық орталықтарында, автовокзалдарда, саябақтарда және өзге де қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелеріне арналған бейнероликтер көрсетілді. Бұқаралық ақпарат құралдары да акцияны кеңінен жариялап, телеарналарда, газеттерде және интернет-ресурстарда белсенді түрде ақпарат таратты.
«Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда» акциясы мамыр айының басында басталған болатын. Осы уақытқа дейін қаладағы өрт сөндіру бөлімдерінде азаматтық қорғау органдарының қызметімен таныстыру мақсатында 1 000-ға жуық адамды қамтыған 22 ашық есік күні өткізілді. Сонымен қатар, интернат үйлерінің тәрбиеленушілеріне өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бүлдіршіндерге төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет ережелері түсіндірілді.
БАҚ-та, LED экрандарда және кинотеатрларда ТЖ кезіндегі іс-қимылдарды үйрететін бейнероликтер көрсетіліп келеді. 1 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін жалпы 82 830 бала мен олардың ата-аналарын қамтыған 216 іс-шара өткізілді. Осы уақыт аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында 136 материал жарияланды. Аталған акция 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Осы кезеңде қосымша оқыту шаралары, тренингтер мен ата-аналар мен балаларға арналған кездесулер ұйымдастырылмақ.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.