Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ЕЛІМІЗДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗҒА ИЕ ТАСЖОЛДАРДА АУҚЫМДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗҒА ИЕ ТАСЖОЛДАРДА АУҚЫМДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

27.06.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде республикалық маңыздағы автожолдарды орташа жөндеуден өткізуге бағытталған кең көлемді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бүгінде еліміз бойынша жалпы ұзындығы шамамен 4 мың шақырымды құрайтын 177 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның 160-ы — 2024 жылдан өтпелі жоба болса, 17 жоба биыл жаңадан бастау алған. Жөндеу жұмыстары жолдың негізгі қабатын қайта өңдеуден бастап, үстіңгі жабынды төсеуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазіргі таңда жол негізін ресайклирлеу жұмыстары 857 шақырым аумақта орындалды. Бұл көрсеткіш бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр — 193 шақырым. Одан кейін Қарағанды облысы – 131 шақырым, ал үшінші орында Солтүстік Қазақстан облысы – 129 шақырым.
Сонымен қатар республикалық маңызға ие тасжолдарда жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстары аясында 843 шақырымға төменгі жабын қабаты төселді. Атап айтқанда, Қостанай облысында – 143 шақырым, Қарағанды облысында – 116 шақырым, Шығыс Қазақстан облысында – 104 шақырым жолға асфальттың төменгі қабаты төселді.
Бүгінгі таңда республикалық маңыздағы автожолдардың 560 шақырымында үстіңгі жабын қабаты төселді. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы – 90 шақырыммен алда. Сондай-ақ Ақмола облысында – 68 шақырым, Қарағанды облысында – 47 шақырым жолға жаңа жабын төселген.
Аталған жоба «Жезқазған – Петропавл», «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз», «Қостанай – Мамлютка» сынды өңіраралық маңызды бағыттарды жаңғыртумен қатар, туристік нысандарға апаратын жолдардың жағдайын жақсартуға да бағытталған. Олардың қатарында «Астана – Қорғалжын», «Өскемен – Рахман қайнары» және өзге де туристік бағыттар бар.
Атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, ішкі туризмнің дамуына серпін беруге, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға айтарлықтай ықпал етері сөзсіз.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.