Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

05.07.2025

Шымкент қаласында көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың абайсыз құлауын болдырмау мақсатында кешенді алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы бүгінгі күнге дейін осындай 3 оқиға тіркелген: 2 бала қаза тауып, 1 бала жарақат алған. Өткен жылдың осы кезеңінде 4 оқиға болған еді (3 жарақаттану, 1 өлім жағдайы). 2024 жылы жалпы 8 оқиға тіркелген, оның ішінде 1 бала қаза тауып, 7 бала жарақат алған.
Мамандардың айтуынша, 7 жасқа дейінгі балалар терезенің ашық немесе москит торымен жабылған күйінің қауіптілігін толық бағалай алмайды. Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі – ересектердің, әсіресе баланы үлкен балаларға немесе қарт туыстарына сеніп тапсыру кезіндегі бақылаудың жеткіліксіздігі.
Тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында жергілікті және республикалық телеарналар арқылы 4 рет сөз сөйлеу ұйымдастырылып, 22 рет радиоэфир шықты. Бұған қоса, арнайы бейнеролик дайындалуда.
Адамдар көп жиналатын жерлерде және көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында жыл басынан бері 159 үйді аралау жүргізіліп, 2650-ден астам адам қамтылды. 22 жиын өткізіліп, 1060-тан астам жадынама таратылды. Бұл кездесулерде балалардың терезеден құлауын болдырмау бойынша нақты ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде (WhatsApp, Instagram, Telegram) түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, учаскелік қызметкерлермен бірге ата-аналар мен үй комитеттерінің чаттарына Департамент әзірлеген «5 қадам» жадынамасы жолдануда.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жыл басынан бері 62 үйдің терезелеріне 103 қауіпсіздік блокаторы орнатылды. 26 маусымда «Балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу шаралары» мәселесі бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Онда проблемалық мәселелер қаралып, балалардың қауіпсіздігін күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.
Заңнамаға сәйкес, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-ананың тікелей міндеті. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабында бұл міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 119 және 141-баптарында бала өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда тиісті міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауды, терезелерге арнайы бекіткіштер орнатуды және барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі – Махмудов Ирисмат Бахтиярович мәлімдеді

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.