Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025

Шымкентте «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық байқауын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Мұнда комиссия мүшелері отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және отбасы институтын арттыруға бағытталған ұлттық байқауға бақ сынауға өтінім берген отбасылардың ішінен үздігін таңдау үшін құжаттармен танысып, бейне роликтерді қарады.

https://aisnews.kz/wp-content/uploads/2025/07/WhatsApp-Video-2025-07-22-at-18.28.57.mp4

Комиссия мүшелері үздік отбасыларды таңдау кезінде олардың әрқайсысының жеткен жетістіктеріне, отбасылық дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарға мән берді.
Одан бөлек, отбасы мүшелерінің қабілеті мен дарыны да назардан тыс қалмады. Бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын ұстану, волонтерлік, қайырымдылық істері де таңдау кезінде ескерілді.
Конкурстың негізгі мақсаттары – отбасы институтын, адамгершілікті нығайту, жауапты некенің маңыздылығын мойындау; ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын насихаттау; қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.
Биыл қалалық кезеңге әр ауданнан 4 отбасыдан жалпы 20 отбасы іріктелді. Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар, көпбалалы отбасылар, ерекше балалары бар отбасылар, ардагерлер, еңбек адамдары және шығармашыл әулеттер қатысып отыр.
Комиссия отырысынан соң қалалық кезеңнің жеңімпаздары белгілі болады. Үздік деп танылған отбасы республикалық кезеңге жолдама алады. Ал қалалық кезеңнің салтанатты марапаттау рәсімі тамыз айында өткізіледі.
Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Қазақстанда 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.