Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ
Жаңалықтар

АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ

06.08.2025

Құрметті ата-аналар!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия кәмелетке толмаған балалардың кешкі және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүру фактілерінің жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді.

Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың
27-29 шілде күндері аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейді шеңберінде 8 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда:
— 705 ата-ана бала тәрбиесіне қатысты ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды;
— 176 ұсақ бұзақылық тіркелді;
— түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және көшеде болуына жол бергені үшін 6,8 мың ата-ана мен 170 кәсіпкерге шара қолданылды.
Бұл фактілер балаларға қатысты құқық бұзушылықтарға алып келуі мүмкін еді. Осыған байланысты полиция органдары тарапынан олардың алдын алуға бағытталған шаралар қабылданды.

Ата-аналар мен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне үндеу тастаймыз: балалардың қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің артуына байланысты, олардың қайда жүргенін бақылауға алып, жеке қадағалауды күшейтулеріңізді сұраймыз.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің ілесуінсіз көшеде жүруіне тыйым салынады. Бұл талаптың бұзылуы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады және кейбір жағдайларда орны толмас қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін – баланың да, отбасының да тағдырына әсер етуі ықтимал.

Кешкі және түнгі уақытта көшеде жүрген балалар, әсіресе теріс пиғылды ортаның ықпалына түссе, мынадай қатерлерге тап болуы мүмкін: құқық бұзушылық, бейәлеуметтік топтарға тартылу, қайғылы оқиғалар және зорлық-зомбылық.

Сіздерден өтініш:

• балаңыздың қайда және кіммен жүргенін күнделікті біліп отырыңыздар;
• оның түнгі уақытта қараусыз көшеде жүруіне жол бермеңіздер;

• балаңызбен жеке қауіпсіздік, жауапкершілік және заңға құрмет туралы жиі сөйлесіп отырыңыздар.

Отбасы – тәрбиенің алғашқы және ең маңызды ошағы. Балалардың бойында тәртіптілік, әлеуметтік жауапкершілік пен құқықтық сана тек ата-аналардың белсенді қатысуымен қалыптасады.

Балалардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілік – алдымен ересектердің міндеті.
Қоғам, мемлекет және отбасы бірлесе әрекет еткенде ғана біз Қазақстан балаларына қауіпсіз әрі жарқын болашақ қамтамасыз ете аламыз.

Құрметпен,

А.Ғ. Балаева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА В МЕЖЭТНИЧЕСКОМ ОБЩЕНИИ

04.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.09.2026

ҰЛАНДЫҚ САРБАЗ «CYBER ARMY CUP 2026» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.

04.09.2026

Салық саласындағы ашықтық – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі

04.09.2026

Жаңа Салық кодексі: өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.