Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

20.08.2025

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті тазалық акциясы ұйымдастырылды. Өткізілген тазалық шаралары қала тұрғындарының табиғатқа жанашырлықпен қарап, туған жерді көркейтуге деген жоғары белсенділігін көрсетті.

Қаладағы барлық бес ауданда кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар күл-қоқыстан тазартылды. Мысалы, Әл-Фараби ауданының Терiскей шағын ауданындағы №33, 35 және 37 тұрғын үйлердің аулалары ретке келтіріліп, балалар ойын алаңдары мен жасыл аймақтар тазартылды. Тұрғындар мен коммуналдық қызмет мамандарының бірлесе атқарған жұмысы нәтижесінде көпқабатты үйлер ауласы жаңа келбетке ие болды.

Сенбілікке қатысушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар тек тазалықты қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты арттырады.
— Табиғат – біздің аманатымыз. Әрбір аула мен көше, саябақтың таза болуы – келер ұрпаққа қалдыратын мұрамыз. Бүгінгі сенбілік – экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Сондықтан мұндай бастамаларға барша тұрғындардың қатысуы қажет, – дейді акцияға белсенділік танытқан қала тұрғындары.

Сенбілік жұмыстары Шымкенттің өзге аудандарында да жоғары қарқынмен өтті. Абай ауданында Ақжайық шағын ауданындағы Асфендияров көшесінің бойы тазаланса, Еңбекші ауданында №30 мектеп маңы ретке келтірілді. Қаратау ауданында Нұртас шағын ауданындағы Кеңжарық және Құлагер көшелерінің бойы күл-қоқыстан аршылып, Тұран ауданында Темірлан тас жолының бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер аулалары абаттандырылды.

Айта кетейік, тазалық жұмыстарына қала жастары да белсенді түрде қатысты. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көптеген волонтер мен қала жастары экологиялық шараға белсенді атсалысып, өз үлесін қосты.

Жалпы бүгінде Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының нақты нәтижесін көріп отыр. Қалада тазалық мәдениеті қалыптасып келеді, ал бұл бастамаға халықтың ықыласы күн санап артуда. Қала тұрғындарының пікірінше, мұндай бастамалар тек экологиялық ахуалды жақсартуға ғана емес, көршілер арасындағы сыйластық пен өзара ынтымақты нығайтуға ықпал етеді.

«Тазалық – иманның жартысы» деп бекер айтылмаған. Бүгінгі өткізілген тазалық шарасы Шымкент қаласының жасыл келбетін сақтап қана қоймай, қоғам мүшелерін ортақ жауапкершілікке, табиғатты аялауға және туған жерді көркейтуге шақырып отыр.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.