Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА 16 МЕКТЕП ЛИЦЕНЗИЯ АЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА 16 МЕКТЕП ЛИЦЕНЗИЯ АЛДЫ

28.08.2025

Шымкент қаласының білім саласында 2025-2026 оқу жылына дайындық аясында маңызды өзгерістер жүзеге асуда.
Жаңа оқу жылына дайындық барысында 16 мектеп лицензия немесе лицензия қосымшасына өтініш беріп, білім беру қызметін жүзеге асыруға рұқсат алды. Оның ішінде 11 мектеп мемлекеттік «Келешек мектеп» жобасының аясында ашылған №140-ден №150-ге дейінгі аралықтағы жалпы орта білім беретін мектептер болып табылады. Бұл мектептер мемлекеттік стандарттарға сай сапалы білім беру және заманауи талаптарға сай инфраструктура құру мақсатында іске қосылуда.
Сонымен қатар, 5 мектеп жекеменшік форматта жұмыс істеуге лицензия алып, қаладағы білім беру саласына жаңа леп әкелді. Бұл жекеменшік мектептер қатарында:
• «SHYMKENT HIGH SCHOOL» ЖШС
• «Зерде» мектеп-лицейі ЖШС
• «VC Shymkent» ЖШС
• «Дарын-2 республикалық мектеп-лицейі» ЖШС
• «Zulpykhar mektebi» ЖШС
Жекеменшік мектептердің санының артуы – қалада білім сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың бір көрінісі. Бұл мектептер сапалы оқыту, жеке тәсіл және халықаралық стандарттарды енгізу арқылы білім саласын дамытуға үлес қосып отыр.
Айта кетейік, білім беру лицензияларының тоқтатылуы және жаңа лицензиялардың берілуі — білім саласындағы сапаны бақылаудың, мектептердің қаржылық және ұйымдастырушылық тұрақтылығын тексерудің бір бөлігі. Осылайша, Шымкент қаласының білім басқармасы білім беру мекемелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, оқушыларға сапалы білім беру мүмкіндігін арттыруға ұмтылады.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.