Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»ПРЕЗИДЕНТ: «АВТОКӨЛІКПЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУҒА АРНАЛҒАН ШЕКАРА МАҢЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДЫ ҮКІМЕТ ПЕН ӘКІМДІКТЕРГЕ ТАПСЫРАМЫН»
Басты ақпарат

ПРЕЗИДЕНТ: «АВТОКӨЛІКПЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУҒА АРНАЛҒАН ШЕКАРА МАҢЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДЫ ҮКІМЕТ ПЕН ӘКІМДІКТЕРГЕ ТАПСЫРАМЫН»

08.09.2025
«Сондай-ақ негізгі дәліздер аясында автомобиль жолдарын дамытуға баса мән берген жөн.
Қазір елімізде 13 мың шақырым автокөлік жолдары салынып, жөнделіп жатыр. Жол салған кезде транзиттік дәліздердің мән-маңызына баса көңіл аударған жөн. «Сексеуіл-Бейнеу» жолының құрылысын тездету керек. Осы жолдың арқасында Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау мерзімінің үштен бірі қысқарады.
Сонымен қатар көлік жүйесін басқарудың жаңа үлгісін жасаған жөн. Себебі мемлекет инвестициясының экономикалық қайтарымы айқын болуы тиіс. Контейнермен жүк тасымалдау ісіне тың серпін беру керек.
Әлемде құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 16 пайыздан астамы контейнермен жіберіледі. Бірақ, елімізде оның үлесі әлі де төмен – небәрі 7 пайызға жуық.
Үкімет контейнермен жүк тасымалдау ісін жандандыруға арналған арнайы бағдарлама қабылдауы қажет. Онда мультимодальді бағыттарды дамытатын пәрменді шаралар да қарастырылуға тиіс.
Ішкі тасымалдың көлемін және бәсекеге қабілетін арттыру үшін тариф саясатының тиімді әрі түсінікті болуы айрықша маңызды рөл атқарады. Қазіргі тариф қалыптастыру жүйесінде бірізділік жоқ, ол нарыққа икемделмеген.
Үкімет жыл соңына дейін көліктің барлық түрін ескере отырып, бәсекеге қабілетті тариф саясатын әзірлеуге тиіс.
Жүк тасымалдаушылар рәсімдердің көп уақыт алатынын айтып, жиі шағымданады. Олар әр қызметті түрлі цифрлық жүйе арқылы рәсімдеуге мәжбүр. Тіпті, бұрынғыдай қағаз толтырып, әуре-сарсаңға түсіп жатады. Кейбір шекара және кеден бекетінде сапалы интернет жоқ. Бұл да жұрттың наразылығын туғызады. Осындай келеңсіз жағдайларды тез арада түзетуіміз қажет.
Сонымен қатар жасанды интеллектіні қолдана отырып тасымалды басқарудың кешенді, көпбейінді цифрлық платформасын енгізу керек. Бұл жұмысты тездетіп аяқтау қажет.
Қазан айының соңына дейін кеден және логистика қызметін көрсететін Smart Cargo бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосқан жөн. Бұл жүйе инфрақұрылымды жеке компанияларға автоматты түрде бірдей қолжетімді етеді.
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңғыртылып жатыр. Биыл 8 бекет толығымен іске қосылады.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.