Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»“ДӘМОРДА” АТАУЫМЕН САУРАНДА ЖАҢА ӨНДІРІСТІК КЛАСТЕР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Жаңалықтар

“ДӘМОРДА” АТАУЫМЕН САУРАНДА ЖАҢА ӨНДІРІСТІК КЛАСТЕР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

10.09.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың тікелей тапсырмасына сәйкес, Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін жаңа жобаларды іске асыру бағытында маңызды қадам жасалуда. Осы негізде Иассы ауылдық округінде ірі кондитерлік цехтардың басын біріктіретін жаңа өндірістік кластер — «ДәмОрда» құрылысы басталады. Бұл жоба аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен қолға алынып, өңірдің экономикалық дамуына серпін бермек.
Аталған жоба аясында бүгін инвесторлар мен жеке кәсіпкерлердің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті. Онда үш жақты меморандумға қол қойылып, өндірістік аймақ үшін арнайы жер телімі бөлінді. Шараға Түркістан облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовте қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталды.
««ДәмОрда» құрамына бірнеше ірі кондитерлік және тағам өндірісімен айналысатын кәсіпорындар біріктірілмек:
• ЖК «Алымжан» (Мухиддиов Алымжан) – кәмпит, қант, тәтті тоқаштар өндірісі. 35 жұмыс орны, жоба құны – 250,0 млн теңге.
• ЖК «Шүкіржан» (Тажиметов Шүкіржан Бахтиярұлы) – кондитерлік өнімдер. 20 жұмыс орны, жоба құны – 170,0 млн теңге.
• «Айжамал Тәттілері» ЖШС (Бауыржан Жанбуршин) – кондитерлік өнімдер. 60 жұмыс орны, жоба құны – 450,0 млн теңге.
• «Грин Сервис» ЖШС (Тәуекелов Еркебұлан) – кондитерлік өнімдер. 20 жұмыс орны, жоба құны – 450,0 млн теңге.
• «Әл Береке» АШӨК (Рускулов Аброр Абдураймович) – нан өнімдері. 30 жұмыс орны, жоба құны – 300,0 млн теңге.
• ЖК «Сұлтанбай» (Боханов Сұлтанбай Серикбаевич) – кептірілген ет өнімдері. 30 жұмыс орны, жоба құны – 300,0 млн теңге.
• ЖК «Бек» (Бекдилдаев Акжан) – консервіленген көкөніс өнімдері. 100 жұмыс орны, жоба құны – 400,0 млн теңге.
Әрбір кәсіпорын жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Жалпы алғанда, тұрғындао тұрақты жұмыспен қамтылып, жергілікті бюджетке салық түсімдері артады.
«ДәмОрда» – тек бір ғана цех емес, бірнеше өндірістік қуатты кәсіпорынды бір орталыққа топтастыратын жаңа форматтағы алаң. Бұл модель өнім сапасын арттырып қана қоймай, өңірдегі бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді. Жаңа өндірістер ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етеді.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров өз сөзінде:
– «ДәмОрда – Сауранның ғана емес, бүкіл Түркістан облысының тағам өндірісіндегі жаңа брендіне айналады. Бұл бастама кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы нақты қадам», – деп атап өтті. Жоба толық іске қосылған соң, Иассы ауылдық округі өңірлік тағам өнеркәсібінің маңызды орталығы болып қалыптасады. «ДәмОрда» бренді – сапалы ұлттық өнімнің жаңа символына айналады.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ТОҚАЕВТЫҢ КОРЕЯҒА САПАРЫ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

15.09.2026

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ТОҚАЕВТЫҢ КОРЕЯҒА САПАРЫ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

15.09.2026

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.