Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»Елдің келешегін кемелдендіруге бағытталған бастама
Қоғам

Елдің келешегін кемелдендіруге бағытталған бастама

16.09.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, цифрлық трансформациясы мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында бірқатар нақты міндеттерді айқындады. Президенттің айтуынша, Қазақстан алдағы үш жыл ішінде толыққанды жаппай цифрлық ел болуға тиіс. Әйтпесе, әлемдік бәсекеде артта қалу қаупі зор.
«Экономиканың барлық саласына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жедел енгізу қажет», – деп нақты тапсырма берген Президент еліміздің Ұлттық цифрлық даму стратегиясын қалыптастыруды көздейтінін жеткізді. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, «заман ағысына икемделе алған ел ғана өрге жүзеді». Жасанды интеллектке бет бұру жаһандық талапқа сай әрекет етуге ғана емес, елдің келешегін кемелдендіруге бағытталған жол.
Президент қазіргі заманда әлем бойынша жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерге жастардың бейімделгіштік қабілеті жоғары екенін айрықша атап өтті. Жастардың цифрлық сауаттылығы мен технологияны меңгеруі Қазақстанның болашақ дамуының басты кепілі екені сөзсіз.
Мемлекет басшысы жасанды интеллект дәуірінде мәдениет пен өнердің маңызын да ұмыт қалдырған жоқ. «Мәдениет қайраткерлері жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев өнер адамдарына қолдау көрсетілетінін, сонымен қатар инфрақұрылым мәселесі де назардан тыс еместігін атап өтті. Президент һәкім Абайдың «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген дана сөзін мысалға келтіре отырып, заманауи Қазақстан азаматтарының саналы, белсенді әрі білімді болуы ел дамуының негізі екенін жеткізді.
Президент Жолдауында Қазақстанның көпвекторлы және сындарлы сыртқы саясаты туралы кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде көптеген мемлекеттер Қазақстанмен достық қарым-қатынас орнатып, тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі.«Цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде мемлекетіміздің ұлттық стратегиялық мүддесіне сай келетін сыртқы саясат – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығымызға ықпал ететін басты фактор», – деді Мемлекет басшысы.
Досыбай ШЕРІМҚҰЛОВ,
қоғам қайраткері.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ АЛҒАШ РЕТ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

09.10.2026

🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

08.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.