Су – тіршіліктің көзі, ал оны тиімді пайдалану – елдің тұрақты дамуы үшін маңызды міндет. Әсіресе, ауыл шаруашылығы жетекші салалардың бірі саналатын Түркістан облысы үшін су ресурстарын сақтау айрықша маңызға ие.
Қазақстан Конституциясының 31-бабында мемлекеттің адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат ететіні бекітілген. Бұл қағида табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мен экологиялық жауапкершіліктің маңызын айқындайды.
Түркістан облысында мақта, көкөніс, бақша дақылдары және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері өсіріледі. Сондықтан тамшылатып суару сияқты су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу суды тиімді пайдалануға, шаруалардың шығынын азайтуға және өнімділікті арттыруға ықпал етеді.
Табиғатты қорғау тек мемлекеттік органдардың міндеті емес. Әр азаматтың суды ысырап етпеуі, қоршаған ортаны таза ұстауы және табиғи байлыққа жауапкершілікпен қарауы маңызды.
Суды бүгін үнемдеу – ертеңгі ұрпақтың игілігін ойлау.
