Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЕН ТҰРМЫСТЫ ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
    Жаңалықтар

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЕН ТҰРМЫСТЫ ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

    26.09.2025
    Әл-Фараби ауданында қысқы маусымға дайындық жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Жалпы аудандағы 931 көппәтерлі үйдің 861-і орталық жылу жүйесіне қосылған, бүгінде олардың 97 пайызы қысым сынағынан өткізілген.
    2025 жылы тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы аясында 20 көпқабатты үй жөндеуден өтуде, оның 13-інде жұмыстар аяқталды. Реновация жобасы бойынша биыл 4 мекенжайда құрылыс жүргізіліп жатыр. 2029 жылға дейін 28 апатты үйді бұзып, 235 меншік иесін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.
    Сондай-ақ аудан аумағындағы базарларды жаңғырту жұмыстары да қолға алынды. «Орталық Қырғы» базарының 50 пайызы жаңартылып, шатыр және павильондар орнатылды. Сонымен қатар, «Назым апа» және «Көктем» базарларында демонтаждау жұмыстары жүргізілуде.
    «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданда 41 рет сенбілік ұйымдастырылып, 8 мыңға жуық адам мен 190 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 504 тонна қоқыс шығарылды. Қала тазалығын сақтау үшін негізгі көшелерге 275 қоқыс жәшігі орнатылатын болады.
    Бұл шаралар ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіруге, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және экологиялық ахуалды нығайтуға бағытталған.
    Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі — Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы мәлімдеді.
    Толығырақ: https://www.youtube.com/live/fpa5d6jL9Ho?si=aQ47yPs3VG6zQi1R
    #РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.