Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
    Жаңалықтар

    ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    16.10.2025
    2025 жылы қала аумағында тіркелген газдан улану фактілеріне талдау жүргізіліп, қалалық прокуратурамен бірлескен түрде нақты жұмыс алгоритмі әзірленді. Нәтижесінде жапырақты диаграмма негізінде қызыл аймақтар мен тәуекел аймақтары анықталып, сол аумақтарда мақсатты профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда.
    Газдан улану жағдайларын болдырмау және алдын алу мақсатында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына қарасты «Шымкент қалалық газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүйелі түрде түсіндіру іс-шараларын атқарып келеді.
    Алгоритмге сәйкес, қызыл аймаққа кіретін «Самал-3», «Ақжайық», «Нұрсәт», «Күншығыс», «Қайтпас», «8 шағын аудан» және «Спорт» шағын аудандарында, сондай-ақ тәуекел аймағына жатқызылған «Самал-1, 2», «11 шағын аудан», «Сайрам», «17 шағын аудан», «Көксай», «Қызылжар», «112 орам», «5 шағын аудан» және «Қарасу» аумақтарында профилактикалық жұмыстар атқарылды.
    Мекеме мамандары тұрғындарға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы жадынамалар таратты. Сонымен қатар, үй ішілік газ құрылғылары техникалық талаптарға сәйкес келмейтін 2025 абонент анықталып, бұл жөнінде тиісті шара қабылдау үшін «QAZAQGAZ AIMAQ» ШӨФ-ке мәлімет жолданды.
    Қауіпсіздік мақсатында газ жабдығы толық қалпына келтірілгенге дейін 230 үй уақытша газ жүйесінен ажыратылды, ал 1 795 үй бойынша жұмыс жалғасуда.
    Газ техникалық қызметінің тексерісі барысында адам өміріне тікелей қауіп төндіретін ақауы бар 810 абонент анықталып, кемшіліктер жойылғанға дейін олардың газ жүйелері уақытша ажыратылды.
    Бұдан бөлек, газ тұтыну жүйелерін пайдалану ережелерін бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306-бабының 1-бөлігіне сәйкес 73 тұлғаға жалпы сомасы 1 030 184 теңге айыппұл салынды. Ал 305-бап бойынша 11 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы 304 730 теңге айыппұл өндірілді.
    Қалалық газ техникалық қызметі тұрғындарды тұрмыстық газ жабдықтарын уақтылы тексертіп, қауіпсіз пайдалану ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Бұл – адам өмірін қорғаудың және тұрмыстық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты кепілі.
    Толығырақ:https://www.youtube.com/live/WSjGTgKE2vM?si=71K3pEJtF7pYLTKc #РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.