Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕ АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

16.10.2025
Өткен аптада Шымкент қаласында тергеу органдарының өндірісінде 176 қылмыстық іс тіркеліп, оның төртеуі сотқа жолданды. Ең көп тіркелетін қылмыстардың қатарында алаяқтық (62 іс), ұрлық (41 іс) және есірткі заттарының заңсыз айналымы (9 іс) бар. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларына байланысты 8 іс қозғалған.
Алаяқтықтың негізгі түрлері интернет арқылы жасалуда. Мәселен, тіркелген 37 интернет-алаяқтықтың ішінде:
• әлеуметтік желілердегі тауар жарнамалары арқылы жасалған алдау (16 жағдай),
• инвестициялық жарнамалар арқылы азаматтардың қаражатын иемдену (4 жағдай),
• өзін банк қызметкері немесе мемлекеттік қызметші ретінде таныстырып, жалған қоңыраулар шалу (12 жағдай),
• жалған несиелер рәсімдеу (4 жағдай) орын алған.
Мысалы, «С» есімді қала тұрғыны Instagram желісі арқылы iPhone 17 телефонына тапсырыс беріп, 820 000 теңге қаражатын белгісіз тұлғаға аударған. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Құзырлы органдар қала тұрғындарын интернет арқылы тауар сатып аларда барынша сақ болуға, күмәнді жарнамаларға сенбеуге және тек ресми дүкендерге жүгінуге шақырады.
Сондай-ақ соңғы уақытта интернет желісіндегі есірткі дүкендерімен байланысты құқық бұзушылықтар көбейген. Мәселен, бір азамат өз банк картасын танысына уақытша пайдалануға берген. Алайда, карта есірткі сату операцияларында қолданылып, соның нәтижесінде иесі заң алдында жауапкершілікке тартылды.
Осыған байланысты тұрғындар өздерінің банк карталарын бөтен адамдарға бермеуге және күмәнді ақша аударымдарынан бас тартуға тиіс. Күдікті жағдай байқалса, дереу 102 нөміріне хабарлау ұсынылады.
Қала аумағында жол-көлік оқиғаларының да жиілеп кеткені байқалады. Олардың басым бөлігі жылдамдықты арттыру, телефонға алаңдау, жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзуы және масаң күйде көлік басқару салдарынан орын алып отыр. Тек өткен аптада осындай себептермен 8 жол апаты тіркелген.
ТЖД мен полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ал ата-аналарды балалардың скутер мен самокатты қауіпсіздік ережесін сақтамай басқаруына жол бермеуге шақырады.
Бұдан бөлек, соңғы күндері көпқабатты үйлерде велосипед, бала арбасы және тұрмыстық заттардың ұрлануы жиілеген. 10 қазан күні Нұрсат шағынауданында белгісіз адам пәтерге заңсыз кіріп, алтын бұйымдар мен ақшалай қаражатты ұрлап кеткен.
Сондықтан тұрғындарға бейнебақылау камераларын орнату, үйде адам болмайтынын жария етпеу және қырағылықты арттыру ұсынылады.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.
Толығырақ:https://www.youtube.com/live/WSjGTgKE2vM?si=71K3pEJtF7pYLTKc #РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ТОҚАЕВТЫҢ КОРЕЯҒА САПАРЫ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

15.09.2026

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ТОҚАЕВТЫҢ КОРЕЯҒА САПАРЫ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

15.09.2026

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.