Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған сөзінен: ел дамуының жаңа белесі
Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған сөзінен: ел дамуының жаңа белесі

24.10.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындап, соңғы жылдардағы маңызды жетістіктерге тоқталды.

Президенттің айтуынша, Қазақстан ұлттық экономиканы түбегейлі жаңғырту үшін әртараптандыру саясатын табандылықпен жүзеге асырып келеді. Ел дамуының негізгі тіректерінің бірі – көлік және логистика саласы.

– «Қазақстан Еуразияның басты логистика орталығы, яғни хабы болуы керек. Оған еліміздің әлеуеті жетеді, мүмкіндігіміз де мол», – деді Мемлекет басшысы.

Осы мақсатта биыл «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі пайдалануға берілді. Бұл – егемендік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы. Сонымен қатар 13 мың шақырым автокөлік жолы салылып, жөнделді. Әуе қатынасы саласында да айтарлықтай ілгерілеу бар: жыл басынан бері 36 жаңа халықаралық рейс ашылып, жүк тасымалы (карго) жүйесін дамыту бағытында нақты қадамдар жасалуда.

Өндіріс секторының өсімі 7,5 пайызға жетіп, шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға жуықтады. Құрылыс қарқыны да артып, өткен жылы 19 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды – бұл Тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш.

Ауыл шаруашылығы саласы тұрақты даму үстінде. Соңғы жылдары жалпы өнім көлемі 2,5 есе артты.
– «Биыл да қамбамыз астыққа толды, 20 миллион тоннадан астам бидай жиналды», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясаттың да ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

– «Қазақстан – Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет. Сондықтан біз осы жауапты миссияны міндетті түрде орындаймыз. Әлеуметтік стратегиямыз тиімді әрі әділетті болуы керек», – деді Мемлекет басшысы.

Соңғы бес жылда білім беру саласына бөлінетін қаржы үш есе артқан. Ұстаздардың еңбекақысы екі есе көбейіп, қоғамдағы мәртебесі айтарлықтай көтерілді. Ел бойынша 1200 жаңа мектеп, соның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи білім ордалары ашылды.

Ғылымға да айрықша қолдау көрсетіліп отыр – соңғы бес жылда ғылымға бөлінген қаржы 5 есе өсті. Қазақстанда шетелдің 33 беделді жоғары оқу орнының филиалдары жұмыс істейді.

Мемлекет басшысы ұлт саулығын жақсарту бағытында да нақты нәтижелер бар екенін айтты. 2020 жылдан бері медицина саласына бөлінетін қаржы 3 есе артқан, 927 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді, ал елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еліміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау, ұлттық бірлікті нығайту және ел әлеуетін арттыру жолындағы реформалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.

Республика күні – Тәуелсіздігіміздің бастауы мен мемлекетіміздің қуатын айшықтайтын мереке.
Еліміз өркендей берсін, Қазақстанның жарқын болашағы – бірлікте және еңбекте! 🇰🇿

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.