Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН: ШЫМКЕНТ АСПАНЫН БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ КӨРКЕЙТТІ
Жаңалықтар

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН: ШЫМКЕНТ АСПАНЫН БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ КӨРКЕЙТТІ

ais_mediaBy ais_media26.10.2025Комментариев нет2 Mins Read
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Республика күні мерекесі аясында үшінші мегаполисте қала тұрғындары мен қонақтары үшін ауқымды мәдени, спорттық және рухани іс-шаралар ұйымдастырылды. Шымкент аспанын түрлі түстерге бояған «Батпырауықтар фестивалі» мерекенің басты сәніне айналды.

Қала әкімдігі ұйымдастырған фестивальдің мақсаты — отбасылық демалыс мәдениетін дамыту, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру және ашық аспан астында белсенді демалысты насихаттау болды.

Қаланың орталық саябақтарында өткен шарада түрлі пішіндегі және түстердегі батпырауықтар аспанмен тілдесіп, тұрғындарға ерекше әсер сыйлады. Балалар мен ата-аналар бірге батпырауық ұшырып, ұмытылмас сәттерге куә болды.

Фестиваль аясында батпырауық ұшыру жарыстары, балаларға арналған шеберлік сабақтары, сабын көпіршіктер шоуы мен анимациялық қойылымдар ұйымдастырылды. Сондай-ақ диджейлер мен бишілердің қатысуымен өткен концерттік бағдарлама мерекелік көңіл-күйді арттыра түсті. Велоәуесқойлар жарысы мен көше биі сайыстары өткізіліп, мото-маусымның салтанатты жабылуы күннің көркін аша түсті.

«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Омаров фестивальдің маңыздылығына тоқталды.
— Бұл шараның басты идеясы – қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасылық демалыс мәдениетін қалыптастыру. Бүгінгі фестиваль — тек батпырауықтар шеруі емес, бұл шығармашылық пен белсенділіктің мерекесі. Сонымен қатар, қатысушылардың көрсеткен шоу бағдарламаларының үздіктеріне бағалы сыйлықтар табысталды. Бұл олардың еңбегін ынталандырып, келесі жылы да белсенділік танытуға серпін береді, – деді ол.

Фестиваль қалалықтар мен қонақтар үшін көптен күткен отбасылық мерекеге айналды. Көкке самғаған батпырауықтар мен балалар күлкісі Шымкент аспанын шаттыққа бөледі. Мереке қаланың туристік тартымдылығын арттырып, тұрғындарға сергектік пен жаңа серпін сыйлады.

Осы күні «Достық үйінде» Республика күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлікте – күшіміз!» атты халықтар достығы фестивалі өтті. Грузин этномәдени орталығы ұйымдастырған шарада түрлі этнос өкілдері өз мәдениеттерін таныстырып, көрермендерге ән мен биден шашу шашты.

Сондай-ақ Ассамблея ғимаратының алаңында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, армрестлингтен үздіктер анықталды. Қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттап, мерекенің рухын биіктете түсті.

Қала саябақтары мен гүлзарларында өткен «Шымқала кештері» атты ашық аспан астындағы концерттік бағдарламалар мерекенің шырайын кіргізді. Қалалық өнер ұжымдары көрермендерге әсерлі ән мен биден шашу шашып, мерекелік көңілді жалғастырды.

Бір мезетте өткен бұл түрлі бағыттағы іс-шаралар Шымкенттің өмірге, өнерге, бірлік пен шаттыққа толы қала екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Республика күні — батпырауықтай биік ұшқан көңіл-күймен, ел бірлігі мен татулықтың нышаны ретінде есте қалды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
ais_media

Related Posts

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ: 2025–2026 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЗҚАРАС

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫНА ЖОЛ АШАДЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ҒЫЛЫМИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ЗЕРТТЕУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ

13.08.2026
Leave A Reply Cancel Reply

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ: 2025–2026 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЗҚАРАС

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫНА ЖОЛ АШАДЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ҒЫЛЫМИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ЗЕРТТЕУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНДІРІС БАЙЛАНЫСЫН НЫҒАЙТУҒА ЖАҢА СЕРПІН

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҒЫЛЫМДЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ТАНЫМАЛ ЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КООПЕРАЦИЯНЫ КҮШЕЙТУДІҢ МАҢЫЗЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛІК ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІН ТАНЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

13.08.2026

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ: БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖАҢА ОРТА

13.08.2026

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНА ЖАҢА ҒЫЛЫМИ МҮМКІНДІКТЕР АШЫЛУДА

13.08.2026

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.