Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Шымкентте «Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті
Жаңалықтар

Шымкентте «Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

15.11.2025

Шымкент қаласында қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға ден қою және олардың салдарын жою мақсатында екі күн бойы қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар «Қыс-2025» өткізілді. Оқу-жаттығулар азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын тексеру, төтенше жағдайлар кезінде тиімді әрекет ету әдістерін пысықтауға бағытталды.

Оқу-жаттығулардың басты міндеті — қала аумағында қыс мезгілінде туындайтын төтенше жағдайларға жедел ден қою және олардың салдарын жою іс-шараларын пысықтау болды. Өткен жылдардағы төтенше жағдайларды талдай отырып, арнайы назар су мен энергиямен қамтамасыз ету жүйелеріндегі ықтимал апаттар мен автожолдардағы кептеліс жағдайларын жоюға бөлінді.

Оқу-жаттығулардың бірінші күні халықты хабардар ету іс-шаралары өткізілді. Қала бойынша «Баршаның назарына!» дабылы беріліп, ақпарат сандық және кабельдік теле-радио арналары арқылы таратылды. Сонымен қатар, қалалық штабтың жедел топтары ықтимал төтенше жағдайлардың даму сценарийлерін модельдеп, осы жағдайларға байланысты шешім қабылдау бойынша ұсыныстар әзірледі.

Теориялық бөлімнен кейін практикалық шаралар өткізілді. Бұл кезеңде қаланың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінде туындауы мүмкін қауіптерді алдын алу шаралары пысықталды.

Екінші күннің практикалық бөлімінде бірнеше шартты төтенше жағдайлар жойылды. Қаратау, Еңбекші және Тұран аудандарында қардың мол еруі салдарынан өзендер мен каналдардағы су деңгейі көтеріліп, су басу қаупі туындады. Мамандар су арналары мен каналдарды тазалап, бөгеттерді нығайтып, халықты қауіпсіз аймақтарға көшіру шараларын атқарды. Сонымен қатар, инженерлік және электр жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Екінші күні тағы бірнеше шартты төтенше жағдайлар пысықталды. Қаланың Еңбекші ауданындағы «3-Энергоорталық» АҚ нысанында газ құбыры жарылып, өрт шықты, нәтижесінде бірқатар қазандықтар істен шықты. Құтқарушылар мен авариялық қызметтер нысан қызметкерлерін эвакуациялап, өртті сөндіріп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Тұран ауданындағы А-2 автожолында газ құбырының жарылуы, ал Қаратау ауданында трансформатордың істен шығуы нәтижесінде бірнеше шағын аудан газ бен жарықсыз қалды. Қызметтер жедел түрде эвакуация және авариялық-қалпына келтіру іс-шараларын ұйымдастырды.

Оқу-жаттығулардың нәтижесінде барлық шартты төтенше жағдайлар уақытында жойылып, азаматтық қорғау қызметтері жоғары деңгейдегі дайындық пен үйлесімділікті көрсетті. Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары Ж. Жабаев атап өткендей, оқу-жаттығулар қызметтердің қысқы кезеңде кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге дайын екенін дәлелдеді.

Оқу-жаттығуларға Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарының жедел топтары, ТЖД, Полиция департаменті, Денсаулық сақтау басқармасының бөлімшелері, сондай-ақ «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі және №35748, №6506 әскери бөлімдерінің жеке құрамдары қатысты.
Практикалық іс-шаралар 11 нүктеде өткізілді, оған 216 қызметкер мен 41 арнайы техника жұмылдырылды. Қойылған мақсаттар толық орындалып, тапсырмалар нақты жағдайларға барынша жақын жағдайда атқарылды. Оқу-жаттығулар азаматтық қорғау жүйесінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайын екендігін көрсетті.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.