Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДЕГІ ТОП-100 СУПЕРКОМПЬЮТЕР ҚАТАРЫНА ЕНДІ
Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДЕГІ ТОП-100 СУПЕРКОМПЬЮТЕР ҚАТАРЫНА ЕНДІ

18.11.2025

Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance Linpack) стандарты бойынша тәуелсіз тестілеуден өткен, яғни әлемдік деңгейде мойындалған есептеу өнімділігіне ие кластерлер ғана енгізіледі.

«Alem.Cloud» ұлттық суперкомпьютер кластері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ инфрақұрылымының негізінде құрылған болатын. Суперкомпьютер жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер және үлкен деректерді талдау бағыттарындағы жобаларды іске асыруға арналған. Кластердің архитектурасы жоғары тығыздықтағы бірыңғай GPU-кешеніне біріктірілген 64 HPE Cray серверінің базасында іске қосылған. Әрбір есептеу торабы жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін NVIDIA H200-бен жабдықталған.

Alem.Cloud суперкомпьютері жобасы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі G42 тобына кіретін Presight халықаралық технологиялық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды. Presight жоғары өнімді есептеу кластерлерін жобалау мен AI экожүйесін дамытуға техникалық қолдау көрсетіп, әлемдік үздік тәжірибелерді Қазақстанның қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік берді.

Жүйе жоғары петафлопс диапазонында өнімділікті қамтамасыз етеді және Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы ең қуатты есептеу платформасы болып саналады. Суперкомпьютер бағдарламалық жасақтамасы SUSE Harvester (виртуализация және таратылған есептеулерге арналған жаңа буын гипервизоры), SUSE Rancher (Kubernetes пен AI-жүктемелерін орталықтан басқару платформасы) технологияларын қамтиды. Кластердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін SUSE NeuVector (контейнерлік қауіпсіздік, желілік бақылау және рантайм-қорғау жүйесі), Palo Alto Networks желілік сегментация және киберқауіпсіздік шешімдері, сондай-ақ Thales криптографиялық және аппараттық шифрлау құралдары қолданылады.

Бұған дейін «ҰАТ» АҚ техникалық мамандары халықаралық серіктестермен бірлесіп, HPL (Linpack) әдістемесі бойынша кешенді тестілеу жүргізді. Мақсаты — жүйенің нақты есептеу өнімділігін өлшеу және оның TOP500 рейтингінде тіркеуге дайын екенін растау. Нәтижесінде суперкомпьютер қажетті көрсеткіштерге жетіп, Қазақстанның жаһандық TOP500 рейтингіне ресми түрде өтінім беруіне мүмкіндік берді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.