Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»М-32 «САМАРА – ШЫМКЕНТ» АВТОЖОЛЫНДАҒЫ БҰРЫЛЫС АЛАҢЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Жаңалықтар

М-32 «САМАРА – ШЫМКЕНТ» АВТОЖОЛЫНДАҒЫ БҰРЫЛЫС АЛАҢЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

12.12.2025
▪️Түркістан облысында туризмді дамыту, туристер мен келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жол инфрақұрылымын қамту жұмыстары ұдайы жалғасып келеді. Бүгін М-32 «Самара – Шымкент» автомобиль жолының бұрылыс алаңы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. 2056 шақырымдағы жол айрығы «Самара– Шымкент-Орал-Ақтөбе-Қызылорда» қалаларына бағытталады.
▪️Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, жұртшылықты айтулы күнмен құттықтады.
📌– Бүгін өңіріміз үшін үлкен маңызға ие инфрақұрылымдық жоба – республикалық маңызы бар «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолынан Сауран қалашығына бұрылыс жолы пайдалануға берілмек. Бұл нысан – тек жол инфрақұрылымының жаңаруы ғана емес, тарихи-туристік «Сауран археологиялық-сәулеттік кешеніне» кіреберіс пен шығаберісті айтарлықтай жеңілдетіп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды объект. Сапалы жол – туристің алғашқы әсерін қалыптастыратын басты фактор. Сондықтан бүгін іске қосылып отырған бұл жол нысаны туристік ағымды көбейтуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, кәсіпкерлік нысандарының дамуына және жалпы өңірлік инфрақұрылымның жақсаруына үлкен серпін береді. Өздеріңізге белгілі, Сауран қалашығына келушілер бұрын шамамен 30 шақырым айналма жол жүріп келуге мәжбүр болатын. Енді осы бұрылыс жолының іске қосылуымен бұл мәселе толық шешімін тауып отыр. Біз бұл жобаның іске қосылуы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беріп, жол қауіпсіздігін арттырып, халқымыздың игілігіне қызмет ететініне сенімдіміз, – деген Зұлпыхар Жолдасов жобаны іске асыруға атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.
▪️Маңызды жол айрығының құрылысын «Қыран» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған. Жолдың ұзындығы 1955 метрді құрайды. Құрылыс барысында қолданыстағы жол жамылғысы фрезерленіп, су өткізгіш құбыр орнатылды. Сонымен қатар жолды абаттандыру, жол белгілері мен таңбалау, жарықтандыру жұмыстары толық аяқталған.
▪️Жалпы Шымкент–Қызылорда жолының қарқыны жоғары. Мұнда тәулігіне 11 000 жеңіл автокөлік, 3 000 автобус және 8 000 жүк көлігі жүріп өтеді. Сондықтан жол инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіздік шараларын күшейту және жолды сапалы жөндеу, көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді.
▪️Айта кетейік, Түркістан қаласы маңында орналасқан Сауран кешеніне келушілер саны жыл сайын артып келеді. 2024 жылы келген туристер саны 2683 адам болса, 2025 жылдың 11 айдың қортындысымен келген туристер саны 9925 құрады. Туристер мен келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралынан Сауран қалашығына бұрылатын жол бөлігін ашу жұмыстары белсенді жалғасуда. Өңірде туристік бағытты дамыту мен саланың кірісін көбейту, сондай-ақ жергілікті турбизнес субъектілерін қолдауды қамтамасыз ету үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы тарапынан өңірге келуші туристердің жайлылығын қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.