Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: Қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді
    Жаңалықтар

    МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: Қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

    15.12.2025

    Мемлекеттік қызмет істері азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға баса назар аударады. Бұл бағытта Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің негізгі міндеттерінің
    бірі — мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді жою және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту болып табылады.

    Қойылған міндеттерді іске асыру аясында Департамент тарапынан жүйелі түрде бақылау және түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі.

    Дегенмен, мемлекеттік органдар тарапынан азаматтарға қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол берілетін жекелеген жағдайлар кездеседі.

    Мәселен, ағымдағы жылдың қараша айында Департаментке
    Сарыағаш қаласының тұрғынының «Жұмыссыздарды тіркеу» мемлекеттік қызметін алуға қатысты арызы келіп түскен.

    Аталған мемлекеттік қызметтің тәртібі «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру» қағидасымен реттеледі (ҚР ЕЖХӘҚМ 09.06.2023ж. № 214 бұйрық, бұдан әрі – Қағида).

     

     

    Анықталғандай қызмет алушы «enbek.kz» порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелу үшін аудандық мансап орталығына өтінім жолданған.

    Қағиданың 38-тармағына сәйкес, Мансап орталығы осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген кезең өткеннен кейін жұмыс іздеп жүрген адам үшін лайықты жұмыс таба алмаса немесе жұмыс іздеп жүрген адам ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда «Еңбек нарығы» ААЖ-да жұмыс іздеп жүрген адам автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркеледі.

    Осыған орай, қызмет алушы жұмыссыз ретінде тіркелген.

    Бұл ретте, Қағиданың 58-тармағына сәйкес, жұмыссызды есептен шығару осы Қағидалардың 51-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

    Сонымен қатар, Қағиданың 52-тармағына сәйкес, Мансап орталығы жұмыссыз есептен шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы, ал ауылдық жердің тұрғындарын кент, ауыл және ауылдық округтің әкімі арқылы хабардар етеді.

    Дегенмен, Департаментпен құжаттарды зерделеу нәтижесінде
    Мансап орталығы қызмет алушыны Қағидада белгіленбеген негіздермен есептен шығарғаны анықталды.

    Осыған орай, Мансап орталығының бас маманы «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.

    Айта кету қажет, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Жаңа қала ықшам ауданы 32 көше, 16 ғимарат мекен-жайы бойынша жазбаша түрде, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «Kenes 1414 officiall» тelegram-бот арқылы жүгіне аласыздар.

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері Департаменттің тұрақты бқылауында.

     

     

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

    Абылайхан Дағыстанұлы НАУРЫЗБАЕВ

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.