Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ — БАСТЫ НАЗАРДА
Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

15.12.2025

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 250-ге жуық өтініш келіп түскен.

Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын.

Кез келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді.

Мәселен, Департаментке Түркістан қаласының тұрғынының «Дәрігерді үйге шақырту» мемлекеттік қызметін ұсынбауға қатысты арызы келіп түскен.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы
24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығымен бекітілген Медициналық –санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларымен реттеледі.

Шағымды қарау барысында, қызмет алушының дәрігерді үйге шақырту туралы өтініштеріне медициналық көмек көрсетуге дәрігердің келмегені анықталды.

Осыған байланысты, Департаменттің ұсынуына сәйкес, бұзушылыққа жол берген аймақ дәрігері мен жұмыскеріне «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Сонымен қатар, Депаратменттің ықпалымен қызмет алушыға медициналық көмек көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, Сізге мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Түркістан қаласы, Жаңа қала ықщам ауданы 32 көше 16 ғимарат мекен-жайы бойынша немесе 8 (725 33) 5-94-72 нөмірі бойынша, сондай-ақ «Sapaly qyzmet» телеграмм боты арқылы хабарлама қалдыруыңызға болады.

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

НАУРЫЗБАЕВ Абылайхан Дағыстанұлы

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.