Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»БОСТАНДЫҚ АУЫЛЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

БОСТАНДЫҚ АУЫЛЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.02.2026
Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округі, Бостандық ауылында жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, зиянды әдеттердің және этносаралық келіспеушіліктердің алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың түнгі уақытта ата-анасының бақылауынсыз көшеде жүруіне жол бермеу, сондай-ақ ауыл тұрғындары арасында бейбітшілік пен өзара сыйластықты сақтау.
Рейдке ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Қалеке, ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Қ.Тасыбаев, полиция қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» КММ аудандық филиалының маманы Н.Оспанов және «М.Қазыбеков» атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Н.Альтаев бірлесіп қатысты. Мамандар ауыл аумағын аралап, тұрғындармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесіп, заң талаптары мен қоғамдық тәртіп туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сағат 20:00–22:00 аралығында дүкендер мен қоғамдық орын иелеріне кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілінсіз кіргізбеу, сондай-ақ темекі мен алкоголь өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынатыны ескертілді. Бұл – балаларды зиянды әдеттерден қорғаудың маңызды қадамы.
22:00-ден кейін ауыл аумағында түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүрген жасөспірімдер анықталып, олармен және ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай шаралар баланың қауіпсіздігі мен болашағына деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Бұл рейд тек бақылау емес, ең алдымен алдын алу шарасы болып табылады. Ол жастарды құқық бұзушылықтан сақтау, олардың дұрыс жолмен өсуіне жағдай жасау және ауылдағы қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.
Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.