Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ТАРИХИ БАҒЫТ
    Басты ақпарат

    ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ТАРИХИ БАҒЫТ

    10.02.2026

    Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, ел дамуының жаңа кезеңіндегі басты басымдықтар мен жаңа Конституция жобасының өзекті қырларына кеңінен тоқталды. Президенттің айтуынша, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің түпкі өзегі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты әрі тиімді қорғау.

    Мемлекет басшысы бұл бағыттағы ұстанымның жалаң декларация емес екенін атап өтті. Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғаудың айқын тетіктері көрсетілген біртұтас жүйе қалыптастыру көзделген. Соның айғағы ретінде Президент адвокаттар қауымдастығының ұсынысымен Конституция жобасына адвокатура туралы жеке бап енгізілгенін айтты. Бұл норма азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

    Сонымен қатар жаңа Ата Заңда мемлекеттің зайырлы сипаты білім беру жүйесіне басымдық беру арқылы нақтылай түскен. Президент қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды сақтау мәселесіне де ерекше мән беріп, «Неке – еркек пен әйелдің ерікті және теңқұқылы бірлестігі» деген тұжырымның енгізілуі осы мақсатты көздейтінін атап өтті. Бұдан бөлек, Конституция жобасында табиғатты қорғау мәселесіне де арнайы назар аударылған.

    Президент тұрғын үй құқығын қорғауға қатысты аса маңызды әлеуметтік норманы күшейту қажеттігін айтты. Қолданыстағы Конституциядағы тұрғын үйге қол сұқпаушылық туралы ережені «тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға да сот шешімінсіз жол берілмейді» деген норма арқылы толықтыруды ұсынды. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл ұсыныс жаңа Конституцияның әлеуметтік сипатына толық сай келеді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасында «Әділетті Қазақстан», заң мен тәртіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуы сияқты негізгі қағидаттар нақты бекітілгенін атап өтті. Білім, ғылым, инновация және мәдениет ел дамуының теңдессіз басымдықтары ретінде айқындалған. Сондай-ақ тәуелсіздік, егемендік және аумақтық тұтастық мызғымас құндылықтар болып қала беретіні, елдің унитарлық сипаты мен басқару нысаны ешқашан өзгермейтіні Ата Заңда анық жазылған.

    Президент бірлік пен келісімді нығайтуға, жауапты әрі жасампаз отаншылдық ұғымын конституциялық деңгейде бекітуге ерекше көңіл бөлінгенін айтты. Оның сөзінше, жаңа Конституция жобасын түбегейлі жаңарған, әрбір нормасы жан-жақты сарапталған, сапалы әрі озық құжат деп атауға толық негіз бар. Онда әлемдік үздік тәжірибелер ескеріліп, адам құқықтары мен ұлттық мүдде толық қорғалған.

    Мемлекет басшысы қазіргі Конституцияның тарихи маңызын да атап өтті. Соңғы 30 жылдағы барлық жетістіктің бастауында Ата Заң тұрғанын, оның қабылдануы тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегімен тікелей байланысты екенін айтты. Алайда құжат еліміз тәуелсіздіктің алғашқы, күрделі кезеңінде қабылданғанын, сол уақыттың ізі қалғанын ескеру қажеттігін жеткізді.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінгі Қазақстан – халықаралық беделі жоғары, түбегейлі өзгерген мемлекет. Әлемдік геосаяси және технологиялық ахуалдың өзгеруі, ел ішіндегі реформалар ұлттық санаға зор ықпал етті. Сондықтан мемлекет құндылықтарын, мақсат-міндеттерін заман талабына сай конституциялық деңгейде жаңғырту – уақыт талабы.

    Президент сөзін қорытындылай келе, жаңа Конституция жекелеген түзетулер жиынтығы емес, жаңа тарихи дәуірде мемлекеттің негіздерін түбегейлі қайта құруға бағытталған құжат екенін айтты. Оның пікірінше, жаңа Ата Заң Қазақстанның тың қарқынмен дамуына, әр азаматтың әлеуетін толық ашуға жол ашады. Ал Конституцияға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ЕЛ БОЛЫП ИГІ ІСТЕР ЖАСАЙТЫН КЕЗЕҢДЕМІЗ – ҚҰРЫЛТАЙ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

    25.11.2026

    ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ

    25.11.2026

    Казахстан и Узбекистан открыли модернизированные пункты пропуска «Жібек жолы» и «Гишт-Куприк»

    25.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЕЛ БОЛЫП ИГІ ІСТЕР ЖАСАЙТЫН КЕЗЕҢДЕМІЗ – ҚҰРЫЛТАЙ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

    25.11.2026

    ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ

    25.11.2026

    Казахстан и Узбекистан открыли модернизированные пункты пропуска «Жібек жолы» и «Гишт-Куприк»

    25.11.2026

    Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункттері ашылды

    25.11.2026

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.