Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»Конституциялық реформа – қоғамдық сананы жаңғыртудың өзегі
Басты ақпарат

Конституциялық реформа – қоғамдық сананы жаңғыртудың өзегі

13.02.2026

Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Конституциялық реформа: қоғамдық диалог және Президенттің жаңа бастамалары» тақырыбында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысып, ел болашағына тікелей әсер ететін конституциялық өзгерістерді жан-жақты талқылады. Жиынға университеттің Басқарма мүшесі, Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек модераторлық етті.
Модератор өз сөзінде Конституциялық реформаның мәні тек құқықтық өзгерістермен шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама қоғамдық сананы жаңғыртуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және демократиялық институттарды дамытуға негізделгенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Ата Заң жобасының ашық қоғамдық талқылау арқылы әзірленіп, халық тарапынан түскен ұсыныстардың ескерілгені реформаның басты артықшылықтарының бірі ретінде бағаланды.
Ғалымдардың пікірінше, Конституция жобасына «Білім. Ғылым. Инновация» бағыттарының енгізілуі – стратегиялық тұрғыдан маңызды қадам. Бұл – мемлекеттің дамуы табиғи ресурстарға емес, адами капиталға, білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпаққа сүйенуі тиіс екенін айқындайтын түбегейлі бетбұрыс. Осыған байланысты Конституция мазмұны мен маңызын жастарға кеңінен әрі түсінікті түрде жеткізу – негізгі міндеттердің бірі екені атап өтілді.
Жаңа редакциядағы Конституцияның тағы бір маңызды бағыты – цифрландыру. Алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау жөніндегі нормалардың бекітілуі заманауи талаптарға сай шешім ретінде бағаланды. Бұл жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және цифрлық кеңістіктегі құқықтық қорғауды күшейтуге бағытталған.
«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Ақмарал Байдлаева өз баяндамасында Конституцияның жаңа редакциясының басты ерекшелігі – адам құқықтарына бағдарлануы екенін атап өтті.
– Адам құқықтары мен бостандықтары жаңа Преамбулада ғана емес, бүкіл Конституцияның мағыналық өзегі әрі негізгі басымдығы ретінде айқындалды. Бұл елдің құндылықтық бағдарларын нақтылап, құқық үстемдігін нығайтуға жол ашады. Сонымен қатар, ұсынылып отырған өзгерістер қатарында бірқатар институционалдық жаңашылдықтар бар. Атап айтқанда, бір палаталы парламент моделіне көшу, вице-президент лауазымын енгізу, сондай-ақ халық өкілдігін күшейту мақсатында Конституциялық халық кеңесін құру көзделіп отыр. Бұл бастамалар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың билікке қатысу тетіктерін кеңейтуге бағытталған, – деді спикер.
Қатысушылар Конституциялық реформаның тарихи маңызына тоқталып, оны ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам ретінде бағалады.
Жиын қорытындысында дөңгелек үстел Конституциялық реформаның мазмұнын терең түсіндіруге мүмкіндік берген, ғылыми қауымдастықтың ортақ пікірлері талқыланған ашық диалог алаңы болғаны атап өтілді. Жаңа Конституция әділетті, заманауи және адамға бағдарланған мемлекет құру жолындағы берік негіз екені жиын барысында айқындалды.
Сондай-ақ қатысушылар жаңа Конституцияның ел тағдыры үшін айрықша маңызын ерекше атап өтіп, оған толық қолдау бірлдірді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.