Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Маңызды тақырып төңірегіндегі диалог: Шымкенттегі еңбек ұжымдарына жаңартылған Конституция түсіндірілуде
    Жаңалықтар

    Маңызды тақырып төңірегіндегі диалог: Шымкенттегі еңбек ұжымдарына жаңартылған Конституция түсіндірілуде

    13.03.2026

    Шымкент қаласындағы «ЮНИКС» ЖШС-інде еңбек ұжымымен кездесу өтіп, онда жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді. Кәсіпорын басшысы Эдуард Зайцев жұмысшылармен әңгіме барысында алдағы өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, конституциялық реформалардың әрбір қазақстандықтың өміріне қалай әсер ететіні туралы пікірін білдірді.
    «Мемлекеттегі кез келген өзгеріс берік негізден басталады. Қазақстан үшін мұндай негіз – жаңартылған Конституция. Еңбек ұжымымен кездесуде бұл өзгерістер тек заңгерлер мен саясаткерлерге ғана емес, өндірісте еңбек етіп жүрген әрбір азаматқа қатысты екенін атап өттік. Іс адамы ретінде мен әрдайым айқындықты бағалаймын. Ал жаңа Негізгі заң дәл осындай айқындықты қамтамасыз етеді – ол ертеңгі күніміздің қандай қағидаттарға негізделіп құрылатынын нақты көрсетеді», – деді Эдуард Зайцев.
    Кездесу барысында құжаттың ел дамуының ұзақ мерзімді бағытын айқындайтын құндылықтық негіздері де кеңінен талқыланды.
    «Құжаттың мәнін оның кіріспе бөлімінен-ақ көруге болады. Онда халқымыздың тарихи сабақтастығы айқын көрініс тапқан. Бір жағынан, біз Ұлы Дала өркениетінің мұрасын сақтаймыз, екінші жағынан, инновация, ғылым және білімді дамытуды басты басымдықтардың қатарына қоямыз. Бұл әсіресе жастар үшін маңызды. Біздің кәсіпорынға оқу орнын енді бітіріп келген жас мамандар көп келеді. Біз тек заң баптарын өзгертіп отырған жоқпыз, сонымен қатар адам құқықтары ең жоғары құндылық болып саналатын, «Заң және тәртіп» қағидатына негізделген Әділетті Қазақстанды құру бағытын нақтылай түсеміз», – деп атап өтті кәсіпорын басшысы.
    Кездесуде қоғамдық келісім мен бірліктің маңызы да ерекше айтылды. Өйткені кез келген ірі ұжымның тиімді жұмыс істеуі осы құндылықтарға тікелей байланысты.
    «Көпұлтты Шымкент қаласы үшін бірлік пен ынтымақ туралы айтылған қағидаттардың маңызы зор. Конституцияда біз біртұтас халық екеніміз нақты көрсетілген, ал бұл – біздің басты байлығымыз. Адамдар мемлекет тұрақтылық пен этносаралық келісімді басты құндылық ретінде ұстанатынын көргенде, олардың ертеңгі күнге деген сенімі арта түседі. Жаңартылған Конституция – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз. Ол табиғатты сақтау, мемлекеттілікті нығайту және қуатты экономиканы қалыптастыру жолындағы саналы таңдау», – деп түйіндеді Эдуард Зайцев.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.