Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ТҮНГІ САҒАТ 00:00-ДЕН БАСТАП «ТЫНЫШТЫҚ КҮНІ» БАСТАЛАДЫ: ОРК РЕФЕРЕНДУМ АЛДЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫН ЕСКЕ САЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮНГІ САҒАТ 00:00-ДЕН БАСТАП «ТЫНЫШТЫҚ КҮНІ» БАСТАЛАДЫ: ОРК РЕФЕРЕНДУМ АЛДЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫН ЕСКЕ САЛДЫ

13.03.2026

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік республикалық референдум қарсаңында үгіт жүргізу және қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялауды реттейтін заңнаманың негізгі талаптарын еске салды.
Оның айтуынша, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес референдумның қарсаңындағы күн мен референдум өткiзiлетiн күнi үгiт жүргiзуге тыйым салынады.
«Ертен сағат 00.00-де үгіт кезеңі аяқталады. Осы сәттен бастап «тыныштық күні» басталады. Бұл дегеніміз, 14 наурызда және дауыс беру күні — 15 наурызда кез келген үгітке тыйым салынғанын білдіреді. Бұл талаптар заңнамамен белгіленген және электоралдық үдерістің барлық қатысушылары үшін міндетті», — деп атап өтті Ләззат Сүйіндік.
Дауыс беретiн жайлардан басқа жерлерде бұрын iлiнген баспа үгiт материалдарының, плакаттардың бұрынғы орындарында сақталуы мүмкiн.
Ләззат Сүйіндік қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу ережелеріне жекелей тоқталды.
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-1-бабына сәйкес, мұндай сауал салулар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.
Атап айтқанда, аталған заңның 28-бабының 9-тармағы дауыс беру күнінен бес күн бұрын және дауыс беру күні тікелей қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, референдумның алдын-ала қорытындылары және референдуммен байланысты басқа да зерттеулерді бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн платформаларда жариялауға тыйым салады.
«Заң сондай-ақ дауыс беру күні қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізуге нақты талаптарды белгілейді. Олар дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте өткізілмейді. Мұндай сауалдар тек учаскелік комиссиясының шыға берісінде және тиісті түрде Орталық референдум комиссиясын хабардар еткен заңды тұлғалар жүргізе алады», – деп атап өтті Ләззат Сүйіндік.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.