Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ
Жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес, 1993-1998 жылдар аралығында Ішкі әскердің жедел мақсаттағы әскери бөлімдерінің 2000-нан аса сарбазы мен офицері Қазақстан Республикасы жеке атқыштар құрама батальоны құрамында тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Бұл кезең Ішкі әскер тарихындағы ең жауапты әрі сындарлы жылдардың бірі болды.

Алайда 1995 жылдың 7 сәуірі Ішкі әскер сарбаздары үшін қаралы күн ретінде тарихта қалды. Осыдан 31 жыл бұрын Пшихавр шатқалында, Пяндж өзені бойында Ішкі әскердің ротасына Ауғанстан аумағынан қарулы моджахедтер шабуыл жасады. Қанды шайқас барысында 17 сарбаз қаза тауып, 33 әскери қызметші жараланды. Батыр жауынгерлер жанқиярлық пен қаһармандықтың үлгісін көрсетіп, әскери борышын өтеу жолында ерлікпен көз жұмды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қаза тапқан 17 сарбаздың бесеуі ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ал он екісі «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ олардың барлығына Ресей Федерациясының «За отличие в службе» медалі қаза болғаннан кейін табысталды.

Тәжік халқына көрсеткен көмегі үшін қазақстандық жауынгерлерге деген құрмет ретінде Душанбе қаласында монумент орнатылды. Астана қаласында «Отан-Ана» монументі жанынан Ішкі әскердің 17 сарбазына арналған аллея ашылып, ескерткіш бағана тұрғызылды. Сонымен қатар Шымкент, Петропавл және басқа да қалаларда батырларға арналған ескерткіштер бой көтерген.
Ішкі әскердің заңды мұрагері — Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы өз батырларын ешқашан ұмытпайды. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес жыл сайын             7 сәуір күні «Ерлік күні» ретінде аталып өтеді. Бұл күні ардагерлермен кездесулер ұйымдастырылып, тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ретінде ескерткіштерге гүл шоқтары қойылады.

Айта кету керек, аталған тарихи оқиға желісімен 2019 жылы «АЮ СИНЕМА» кинокомпаниясы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қолдауымен және «Qazaqstan» телеарнасымен бірлесіп «Казбат» көркем фильмін және оның көпсериялы теленұсқасын жарыққа шығарды.

Бүгін Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің базасында «Ерлік күніне» арналған еске алу шарасы өтті. Іс-шара барысында 1995 жылғы                           7 сәуірде тәжік-ауған шекарасындағы Пшихавр шатқалында қаза тапқан ҚР ІІМ Ішкі әскерінің 17 сарбазына арналған ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылды.

Жиынға Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков, ардагерлер, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, оқушылар мен студенттер, сондай-ақ сол кездегі 7 құрама ротаның командирі запастағы полковник Ерлан Алданазаров және оның бұрынғы жауынгерлері қатысты.

Іс-шара барысында запастағы полковник Ерлан Алданазаров сөз сөйлеп, сол бір ауыр күндердің естеліктерімен бөлісті:

— Біз үшін бұл күн — тек қайғылы күн емес, сонымен бірге ерліктің, бауырластықтың және әскери антқа адалдықтың символы. Біз қаруластарымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз, — деді ол.

Сондай-ақ тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Ерлік – ұмытылмайтын ұғым. Отан алдындағы адалдық пен батырлықтың айқын көрінісі болған бұл тарихи күн — кейінгі ұрпақ үшін тағылым мен тәрбие көзі. Ұлттық ұлан сарбаздарының ерлігі — ел жадында мәңгі сақталады.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.