Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Жаңалықтар

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

22.05.2026

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл штабының бірлескен отырысы өтті.

Жиынға жергілікті құқық қорғау және арнайы органдардың, прокуратураның басшылары, аудан әкімдері мен басқарма жетекшілері қатысты. Бейнеконференция байланысы арқылы ҚР ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов және ведомство өкілдері қосылды.

Күн тәртібінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, интернет-алаяқтықтың алдын алу, меншікке қарсы қылмыстармен күрес, ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ, білім беру ұйымдарында есірткінің таралуына жол бермеу мәселелері қаралды.

Құқық қорғау органдарының басшылары баяндама жасады. Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұхтар Қожаев қаладағы қазіргі криминогендік ахуал тұрақты болғанымен, интернет-алаяқтық, түнгі ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтар және жасөспірімдер қауіпсіздігі ерекше назарды қажет ететінін айтты.

Сонымен қатар, биылғы наурыз айында күшіне енген ҚР «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа заңын іске асыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Басты міндет тек қылмысқа қатысты әрекет ету ғана емес, сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, себептерін ерте анықтау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру екені атап өтілді.

Жиын барысында мемлекеттік органдар мен жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту, қоғамдық орындар мен көліктерде ескерту материалдарын орналастыру, халық көп жиналатын орындар мен қоғамдық көліктердегі бейнебақылау жүйесін күшейту тапсырылды.

Сондай-ақ, ойын-сауық орындарындағы бейнекамераларды Жедел басқару орталығына қосу жұмысын жалғастыру және жазғы демалыс пен соңғы қоңырау іс-шаралары кезінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.

Қала әкімі жиын барысында криминогендік ахуалдың өзекті мәселелеріне тоқталып, оларды бірлесіп шешу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды. ҚР ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов профилактикалық жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтып, оларды жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсетілетінін жеткізді.

Кеңеске қатысушылар жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа қарсы іс-қимыл және білім беру ұйымдарындағы алдын алу жұмысын ұйымдастыру мәселелерін де талқылады.

Жиын қорытындысы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыным мен тапсырмалар қабылданды.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ

14.09.2026

ТӘУЕЛСІЗДІК. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ ДАМУ КЕЛБЕТІ

14.09.2026

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.