Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды
    Жаңалықтар

    «Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

    22.05.2026

    Алматы қаласындағы №118 мектеп-гимназиясында «Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық» акциясы аясында жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған маңызды іс-шара өтті. Тағылымы мол жиын барысында «Жас бүркіт» әскери-патриоттық, спорттық сыныбының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі мен білім ордасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
    Салтанатты шараға әскери бөлім басшылығы, ұстаздар қауымы, ата-аналар мен оқушылар қатысты. Жиын Мемлекеттік Тудың енгізіліп, Қазақстан Республикасының Әнұранының орындалуымен басталды. Әскери қызметшілердің саптық көрінісі мен Ту тобының шығуы оқушыларға ерекше әсер сыйлап, патриоттық рухты асқақтатты.

    Іс-шараның маңызды кезеңдерінің бірі – 3 «З» сыныбының 33 оқушысының «Жас бүркіт» қатарына қабылдануы болды. Жас өрендер салтанатты түрде ант қабылдап, Отанға адал қызмет етуге, елін құрметтеп, патриоттық рух пен тәртіпті биік ұстауға серт берді.

    Шара барысында әскери-патриоттық тәрбиенің маңызы кеңінен насихатталып, жас буынды елжандылыққа баулудың мәні айтылды. Сонымен қатар, 5571 әскери бөлімінің әскери оркестрі патриоттық әндер орындап, мерекелік кештің көркін қыздырды.

    5571 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ұлықбек Қараев мұндай бастамалардың өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне тоқталды.

    – Бүгінгі «Жас бүркіт» сыныбының ашылуы – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, әскери қызметке деген қызығушылықты  арттыруға бағытталған маңызды қадам. Елін сүйетін, тәртіпті, рухы биік жастар – мемлекеттің жарқын болашағы. Сондықтан мұндай тәрбиелік шаралардың маңызы зор, – деді подполковник Ұлықбек Қараев.

    Осындай тағылымды іс-шаралар жас буынның бойында патриоттық рухты нығайтып, Отан қорғау ісіне деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

     

    Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
    «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.