Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті
Жаңалықтар

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

26.05.2026

Алматы қаласы Алатау ауданындағы №210 мектеп-лицейде соңғы қоңырау биыл ерекше форматта ұйымдастырылды. Әскери оркестр әуенімен өрілген салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қатысып, мерекенің айрықша сәнін келтірді. Оқу ордасымен шефтік байланыс орнатқан әскерилердің қатысуы түлектер үшін де, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін де есте қаларлық сәтке айналды.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Ел Әнұранын Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің әскери үрмелі аспаптар оркестрі орындады. Ал Мемлекеттік Туды алып шығу құрметі әскери қызметшілерден жасақталған ту ұстаушы топқа берілді. Әскери марштар, сап түзеген сарбаздардың айбынды келбеті мен ерекше рәсімдер соңғы қоңырау салтанатына өзгеше рух сыйлады. Мұндай форматтағы мереке оқушыларға патриоттық тәрбие беріп қана қоймай, мектеп тарихындағы жарқын оқиғалардың біріне айналды.

2023 жылы ашылған №210 мектеп-лицейі бүгінде Алатау ауданындағы заманауи білім ордаларының бірі саналады. Қазіргі таңда мұнда екі мыңға жуық оқушы білім алады. Биыл мектеп қабырғасынан 99 түлек қанат қаққалы отыр. Төрт 11-сынып үлкен өмірге жолдама алды. Бұл – білім ордасының тарихындағы екінші түлектер легі.

Мектеп мақтанышына айналған озат оқушылардың бірі – «Алтын белгіге» үміткер Дінмұхаммед Сепбосынов. Оның айтуынша, бұл күн –  түлектер өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы.

– Бүгін біз үшін қуанышты да, толқынысқа толы ерекше күн. Осы мектепте білім алып, ұстаздарымыздан тәлім-тәрбие көрдік, нағыз достар таптық. Алдымызда үлкен жауапкершілік пен жаңа белестер тұр. Болашақта елге қызмет ететін, халқына пайдасын тигізетін маман иесі болғым келеді, — дейді түлек.

Түлектерге ақ жол тілеген мектеп-лицей директоры Гүлнара Ахметова бүгінгі жас буынға үлкен сенім артатынын атап өтті.

–Әрбір шәкіртіміз – біздің мақтанышымыз. Мектебіміздің ашылғанына көп уақыт болмаса да, бүгінде өзіндік дәстүрі мен жетістігі қалыптасып келеді.  Бүгінгі түлектер өмірден өз орындарын тауып, ел болашағына үлес қосатын азамат болады деп сенемін. Олар өз мектебін әрдайым мақтан тұтады деп ойлаймын, – деді мектеп директоры.

Әскери оркестр сүйемелдеген соңғы қоңырау шарасы мектеп өміріндегі ең жарқын әрі тағылымды мерекелердің біріне айналды. Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қатысуы іс-шараның маңызын арттырып, жас түлектерге ерекше әсер мен Отанға деген мақтаныш сезімін сыйлады.

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.