Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ОЛИМПИАДА НӘТИЖЕСІ: БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДАҒЫ ІЛГЕРІЛЕУ
Жаңалықтар

ОЛИМПИАДА НӘТИЖЕСІ: БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДАҒЫ ІЛГЕРІЛЕУ

01.06.2026

ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздегі ең үздік мектептердің рейтингін жариялады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың нәтижелері негізінде жасалған тізімге еліміз бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген 114 білім беру ұйымы енген.
Биылғы республикалық олимпиада еліміздің алты өңірінде ұйымдастырылып, оған 676 мектептен 1636 оқушы қатысты. Білім сайысында оқушылар өздерінің терең білімін, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Рейтинг арнайы бағалау жүйесі арқылы жасалды. Атап айтқанда, алтын медаль үшін – 3 ұпай, күміс медальға – 2 ұпай, ал қола медаль үшін 1 ұпай берілді.
Қазақстанның ең үздік 100 мектебі қатарына Шымкент қаласынияң алты білім беру ұйымы еніп отыр:
— «Білім-Инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты;
— Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты;
— З.Хусанов атындағы №110 орта мектеп;
— Айбек атындағы №14 орта мектеп;
— А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия;
— Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия.
Бұл көрсеткіш Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарының олимпиадалық даярлық бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын және оқушылардың республикалық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отырғанын көрсетеді.
Айта кетейік, өткен 2024-2025 оқу жылында Шымкент қаласынан бес мектеп үздіктер қатарынан көрінген болатын. Ал биыл бұл көрсеткіш алты мектепке жетіп, қала білім беру ұйымдарының жетістігі тағы бір сатыға көтерілді.
Шымкент қаласы білім басқармасы мамандарының мәліметінше, рейтингтегі бұл ілгерілеушілік соңғы жылдары қалада зияткерлік сайыстарға дайындық жүйесінің түбегейлі өзгергенін дәлелдейді. Әсіресе, тізімге енген білім ошақтарының арасында тек мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептер ғана емес, сонымен бірге жалпы орта мектептердің де болуы үлкен маңызға ие. Бұл шаһардағы білім беру сапасының теңгерімді дамып, кез келген білім ұясында дарынды оқушыларды анықтау мен оларды қолдау тетіктерінің дұрыс жолға қойылғанын аңғартады. Рекордтық көрсеткіш көрсеткен әрбір білім ұясы өз пәндері бойынша аймақтық және республикалық деңгейдегі жетекші педагогтармен тығыз жұмыс істеген.
Олимпиада жеңімпаздарын даярлауда ерекше көзге түскен мектептердің жұмыс әдістемесіне тоқталатын болсақ, оқу жылының басынан бастап арнайы факультативтік курстар мен лагерьлер ұйымдастырылған. Мысалы, «Білім-Инновация» №1 лицей-интернаты мен №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден алдыңғы қатардан көрінсе, А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы мен Мұхамед Хайдар Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназиясы гуманитарлық және тілдік пәндер бойынша жоғары ұпай жинаған. Ал З.Хусанов атындағы №110 орта мектеп пен Айбек атындағы №14 орта мектептің шәкірттері өздерінің жан-жақтылығымен және терең дайындығымен рейтингтегі Шымкенттің үлесін арттыруға зор үлес қосты.
Алдағы уақытта қалалық білім басқармасы осы үздік жүздікке енген алты мектептің тәжірибесін қала көлеміндегі өзге де білім беру мекемелеріне таратуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта арнайы семинарлар, мастер-кластар және олимпиадалық резерв мұғалімдерінің желілік қоғамдастықтары құрылмақ. Бұл қадам келесі оқу жылдарында Шымкент қаласынан шығатын олимпиада чемпиондарының қатарын одан әрі сипатты түрде көбейтуге септігін тигізеді. Мемлекет басшысының білімді әрі зияткер ұрпатты тәрбиелеу жөніндегі тапсырмалары аясында атқарылып жатқан бұл жұмыстар алдағы уақытта да шаһардың басқа да білім ошақтарында жаңа серпінмен жалғасатын болады. Республикалық додада қала абыройын асқақтатқан ұстаздар қауымы мен алтын, күміс, қола медальдарды қоржынға салған дарынды оқушыларды биылғы табысты оқу жылының қорытындысымен құттықтаймыз.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.