Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТІК ТҮЛЕККЕ ӘЛЕМНІҢ 74 УНИВЕРСИТЕТІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
    Жаңалықтар

    ШЫМКЕНТТІК ТҮЛЕККЕ ӘЛЕМНІҢ 74 УНИВЕРСИТЕТІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

    01.06.2026

    Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын meктеп-интернатының 11 сынып оқушысы Дастан Рақыманберді әлемдік деңгейдегі білім рекордын орнатты. Ол халықаралық сындарда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, SAT емтиханынан 1480 балл және IELTS бағдарламасынан 7.0 балл жинады.
    Дастан бүгінгі таңда дүниежүзінің 12 еліндегі 74 беделді жоғары оқу орнынан ресми шақырту алып отыр.
    Бесінші сыныптан бастап ізденіс жолына түскен түлек – республикалық астрофизика олимпиадасының І орын, халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» конкурсының ІІІ орын және елімізде тұңғыш өткен қаржылық сауаттылық олимпиадасының Іі орын иегері. Сонымен қатар, IT саласында ерекше көзге түсіп, 15-тен астам халықаралық және республикалық хакатонның жүлдегері атанды. Оның ішінде АҚШ-тың NASA агенттігі ұйымдастырған жарыста да жоғары нәтиже көрсетті.
    Біліммен қатар әлеуметтік белсенділікті де ұштастырған жас дарын соңғы жылдары 40-тан астам ауқымды волонтерлік іс-шараға атсалысты.
    Дастанның бұл бұрын-соңды болмаған жетістігі отандық білім беру жүйесінің, соның ішінде Шымкент қаласының зияткерлік әлеуетінің айқын көрінісі болып табылады. Оған шақырту жолдаған оқу орындарының қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Сингапур және Еуропаның жетекші университеттері бар. Олардың басым бөлігі дарынды жасты өздерінде оқыту үшін арнайы гранттар мен стипендиялық бағдарламаларды ұсынып отыр. Бұл Дастанның тек академиялық білімі ғана емес, сонымен бірге оның жан-жақты тұлғалық қасиеттері мен көшбасшылық қабілеті халықаралық сарапшылар тарапынан өте жоғары бағаланғанын көрсетеді.
    Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы Дастанның жетістігін үлкен мақтанышпен атап өтуде. Олардың айтуынша, ол сабақ үлгерімімен қатар, мектептің қоғамдық жұмыстарына да белсене араласып, құрдастарына әрқашан үлгі бола білген. Үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатта алған терең білімі оған күрделі халықаралық сынақтардан мүдірмей өтуге септігін тигізді. Оқушының мұндай дәрежеге жетуіне ата-анасының да зор қолдауы мен бала тәрбиесіне деген ерекше жауапкершілігі үлкен әсер етті.
    Дастанның алдағы жоспары өте ауқымды. Ол өзінің болашақ мамандығын қазіргі заманның ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттары – жасанды интеллект және ғарыштық технологиялар саласымен байланыстырғысы келеді. Оның NASA агенттігінің жобаларында шыңдалған тәжірибесі мен хакатондардағы жеңістері бұл мақсатқа жетуге толық негіз бола алады. Жас талант шетелде сапалы білім алып, алдыңғы қатарлы технологияларды меңгергеннен кейін, міндетті түрде туған елге оралып, Қазақстанның IT саласы мен ғылымын дамытуға өз үлесін қосуды армандайды.
    Шымкент қалалық білім басқармасы дарынды түлектің бұл рекордын жоғары бағалап, алдағы уақытта қаладағы басқа да мектеп оқушылары үшін Дастанның тәжірибесін бөлісу мақсатында арнайы кездесулер мен мотивациялық тренингтер ұйымдастыруды көздеп отыр. Бұл өзге жастарға қанат бітіріп, үлкен мақсаттарға ұмтылуға үлкен серпін берері сөзсіз. Мемлекет тарапынан дарынды балаларды қолдау және олардың халықаралық аренада ел намысын қорғауына жағдай жасау жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса береді. Біз де өз кезегімізде Дастанды осынау тарихи жеңісімен құттықтап, әлемдік ғылым төрінен көріне беруіне тілектестік білдіреміз.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗІ

    25.11.2026

    Шымкенттегі жоғары білім мен ғылымның даму серпіні: М. Әуезов атындағы ОҚЗУ көрсеткіштеріне талдау

    25.11.2026

    «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

    24.11.2026

    ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

    23.11.2026

    ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

    23.11.2026

    БИОЭКОНОМИКА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    23.11.2026

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

    23.11.2026

    БІР ТОЛҚЫНДА – 2026

    23.11.2026

    МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

    23.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.