Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАНДА ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

01.06.2026

Түркістан қаласында Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының жаңа заманауи ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті айтулы оқиғамен құттықтап, оның қоғам үшін маңызына ерекше тоқталды.
Өңір басшысы өз сөзінде биыл кітапхананың құрылғанына 65 жыл толып отырғанын атап өтіп, мерейтой қарсаңында жаңа ғимараттың ашылуы облыс руханияты үшін маңызды тарихи оқиға екенін жеткізді. Сонымен қатар жаңа нысанның Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында пайдалануға берілуі аймақ балаларына жасалған ерекше тарту екенін айтты.
– Кітапхана – тек кітап сақталатын орын емес. Бұл – ұлттың рухани қазынасы әрі тәрбиенің алтын бесігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында: «Тек кітап оқитын ұлт қана шын мәнінде интелектуалды қоғам құра алады. Бұл – елдің рухани дамуының негізі» деп, кітапхана саласының қоғам өміріндегі маңызын айшықтап берген болатын. Әсіресе жастардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, дұрыс бағытта тәрбиелеу – болашаққа жасалған маңызды инвестиция болып саналады. Бүгінгі іс-шара – осы бағыттағы жұмыстардың алғышарты ретінде жүзеге асуда. Осыдан біраз уақыт бұрын бұл кітапхананың ескі ғимаратының жай-күйін көріп, оны заман талабына сай жаңартып, балалар үшін заманауи интеллектуалды орталыққа айналдыру туралы арнайы бастама көтерген едім. Осы идеяны бір ауыздан қолдап, балаларымызға осындай ғажайып білім ордасын сыйлауға мүмкіндік туғызған облыстық мәслихат депутаттары мен басқа да азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жаңа ғимарат құтты болсын! Кітапхананың шамшырағы сөнбесін! Еліміздің руханияты өркендей берсін! – деген Нұралхан Көшеров жаңа ғимаратта балалардың білімін шыңдап, бос уақытын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
Іс-шара барысында өңір басшысы зиялы қауым өкілдерімен бірге жаңа кітапхана ғимаратын аралап көрді.
Жаңа кітапхана балалардың оқу мәдениетін қалыптастыру, білімге, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы рухани бай, ой-өрісі кең, тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру мақсатында ашылды.
Жобаның жалпы құны – 481,336 млн теңге. Ғимараттың жалпы аумағы – 1065,3 шаршы метр. Кітапхана бір мезетте 100 оқырманға қызмет көрсетуге қауқарлы. Мұнда 50-ден астам маман еңбек етеді.
Айта кетсек, бүгінде Түркістан облысында 390 кітапхана халыққа қызмет көрсетсе, ондағы жалпы кітап қоры 6 миллионнан асады. Ал бүгінгі ашылып отырған балалар кітапханасының қорында 226 403 дана құнды кітап сақталған. Мұнда әлемдік классика, заманауи балалар әдебиеті және электронды ресурстардың барлық мүмкіндіктері қамтылған. Өңірде мәдениет пен руханиятты дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Өткен жылы облыста кітапханалармен қатар 6 мәдениет үйі пайдалануға берілсе, биыл тағы 10 мәдени нысанның құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аталған нысандар жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі деп күтіліп отыр.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.