Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ МАМАНДЫҒЫ: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ МҮМКІНДІКТЕР
Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ МАМАНДЫҒЫ: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ МҮМКІНДІКТЕР

02.06.2026

Қазіргі таңда халықаралық қатынастар мен құқық саласындағы білікті мамандарға сұраныс артып келеді. Жаһандану үдерісі, мемлекетаралық байланыстардың кеңеюі және халықаралық ұйымдардың қызметінің белсенділігі халықаралық құқық мамандығының маңызын одан әрі күшейтуде. Осы бағыттағы кәсіби мүмкіндіктерді кеңінен таныстыру мақсатында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Халықаралық құқық мамандығы: мансаптық мүмкіндіктер» тақырыбында студенттер мен түлектердің кездесуі ұйымдастырылды.

Іс-шараны университеттің «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасы өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттер мен түлектер арасындағы байланысты нығайту, кәсіби бағдар беру және халықаралық құқық саласындағы заманауи талаптар мен даму бағыттарын түсіндіру болды.

Кездесудің арнайы қонағы ретінде университеттің 2025 жылғы түлегі Қали Нұрайым Әлиқызы қатысты. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, оқу барысында жинақтаған білім мен дағдылардың кәсіби қызметте қаншалықты маңызды рөл атқаратыны туралы әңгімеледі. Сонымен қатар халықаралық құқық мамандығын меңгерген түлектер үшін мемлекеттік қызметте, халықаралық ұйымдарда, құқықтық консалтинг саласында және түрлі халықаралық жобаларда еңбек етуге кең мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

Басқосу барысында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы да сөз сөйлеп, халықаралық құқық мамандығының ерекшеліктеріне тоқталды. PhD, доцент Е.Т. Бекбосынов пен аға оқытушылар И.Б. Бижанов, Г.М. Жайлауова, А.Б. Бекниязова және А.Б. Аширбекова студенттердің сапалы білім алуы мен кәсіби дамуы үшін университетте жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы айтты.

Кездесу аясында халықаралық құқық саласының қазіргі таңда сұранысқа ие бағыттары, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық мүмкіндіктері және еңбек нарығындағы талаптар талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан пайдалы кеңестер алды.

Мұндай кездесулер жастардың кәсіби бағдарын айқындауға, жоғары білімнің маңызын түсінуге және болашақ мансабын дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар университет пен түлектер арасындағы байланысты нығайтып, тәжірибе алмасу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Бүгінде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Осындай іс-шаралар студенттердің білімін жетілдіруге, кәсіби әлеуетін арттыруға және халықаралық құқық саласында табысты маман болып қалыптасуына жол ашады.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.